Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Алғашқы қоңырау күні оқушылар сапқа тұрғызылып, мектеп директорына дене тәрбиесі пән мұғалімі Б.Байжұманов рапорт берді. Мерекені мектеп тәлімгері Ж.Байтұнова жүргізді. Салтанатты жиынға барлық ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Білім ордасына биыл 141 оқушы қадам басты. 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде қарсы алғаннан кейін, Мемлекеттік туды 11 сынып оқушылары Мұхамет Қизатов, Толғанай Залитанова, Зарина Бекмұхамбетова енгізіп, Мемлекеттік Әнұран айтылды.
Салтанатты жиынның ашылу рәсімін мектеп директоры құттықтау сөз арнап, оқушылардың, ұстаздардың жетістіктеріне тоқтала келе, мектептің жаңа оқу жылына толықтай дайын екенін айтты. Ал, оқу ісінің меңгерушісі Г.Смағұлова мектеп бұйрығымен таныстырып, «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы да тілге тиек етті. Аталмыш акция аясында аз қамтылған, көп балалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау үшін жалпы оқыту қоры есебінен 13 оқушыға 100 000 теңгенің материалдық көмегі берілді.


Мереке алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1 сынып оқушыларының ақ тілек арнауларымен жалғасты. 1 сынып оқушысы Құрбанов Айжарқынның апасы Нұркамал әже ата-аналар атынан құттықтау сөз алып, ақ жарма тілегін арнады.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі бойынша 1 сынып оқушылары Аян Қажетов және Жанерке Ысқақ алғашқы қоңырауды соқты.
Білім күні «Білімді ел - мәңгі ел» тақырыбы бойынша білім сабағымен жалғасты.

С.Айжақсина, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз