Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

25 жыл – бұл тәуелсіздікке қадам басқан еліміздің қылшылдаған жастық кезеңді алғаш бастан өткерген уақыты. Осы аралықта өмірге көзқарасы, дүниетанымы, сапалық қасиеттері мүлдем жаңаша ұрпақ қалыптасып үлгерді десек қателеспегеніміз. Олай дейтініміз, мектеп табалдырығын аттаған сәттен-ақ, бойына біткен көшбасшылық қабі-летімен, білімге құштарлығымен, ерекше талантымен көзге түсіп, жұлдызша жарқырайтын балалар көптеп кездесіп жүр. Олар ХХI ғасырдың, жаңа заманның ой-санасы толығымен азат, еркін азаматтары, өскелең ұрпақ.


Мәселен, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мек-тептің 2 сынып оқушысы, кішкентай ғана дарынды қыз Еркежан Алтынбекованы солардың қатарына қосуға толық негіз бар. Мектеп табалдырығын аттағанына аз ғана уақыт болса да, оқу үздігі Еркежан бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Анасы Әсел мен әкесі Бейбіт Сабировтардың айтуынша, қыздары бастауыш сынып оқушылары арасында беделге ие болып, мектеп өміріндегі, сыныптағы шараларға бар ынтасымен қатысатын көрінеді. Өткен оқу жылында «Көктем Аруы-2015» байқауынан бас жүлдені жеңіп алса, халықаралық «Логика әлемі» сайысында білімділігі мен ойының ұшқырлығын көрсетіп, 1 орынға қол жеткізген.
Ал, уақытын тиімді пайдалануға әдеттенген Еркежан жазғы демалыс лагерінде де белсенділігінен танбаған. Ол, тіпті, әлден-ақ үш тілді меңгеруге ден қойып, ағылшын, орыс тілдерін үйренуге қызығушылығы артуда. Ата-анасы қызының қабілет-қарымын байқап, оны ұштай түсуге күш салатындарын, болашағынан зор үміт күтетінін жеткізеді.
Біз де дарынды балаларды дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайды ұстаздар мен ата-аналар тиімді пайдаланар деген сенімдеміз. Өйткені, еліміздің жарқын болашағының тізгінін ұстар білімді ұрпақ толқыны көз алдымызда қалыптасуда.


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз