Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізді ел ететін, асқақ арманға бастайтын күш - рухани ілім мен білім. Өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз, болашағымыз. «Балам деген жұрты болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын» деген. Әрбір жақсы бастама оны жүзеге асырушының іскерлігіне, шеберлігіне, биіктілігіне байланысты. Ендеше, осындай нәтижелі еңбек етіп жүрген Сәуле Байтілеуқызы жөнінде бір үзік сыр шертеміз.


Бекова Сәуле Байтілеуқызы 1956 жылы 17 маусымда Шығыс Қазақстан Облысы, Күршім ауданы, Қызыл Ту ауы-лында дүниеге келген. Орта мектепті ойдағыдай тәмәмдаған жаны нәзік жас жеткіншек Өскемен Педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығын алып шықты. 1977 жылы еңбек жолын Күршім ауданындағы Советская орта мектебінен бастады.
Жоғары білімді ұстаз, орыс тілі және әдебиет маманы Көкпекті ауданының Маяковский атындағы орта, Ленин атындағы 8 жылдық мектептерде ұстаз, М.Горький атындағы балалар үйінің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1984 жылдан бастап, 31 жыл Көкпекті орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, кейіннен осы мектептің басшысы болып жұмыс істеді.
Адам бойындағы табиғи қасиет ана сүті, әке қанымен туа бітеді де, өскен ортаның ықпалы мен отбасындағы, мек-тептегі тәрбиемен толысып нәрленеді. Сауленің әкесі Байтілеу Қалитұлы 40 жыл еңбек жолын ұстаздыққа арнап, зейнеткерлікке шыққаннан кейін ауданда алғашқылардың бірі болып жеке шаруақожалығын ашып, ауылдастарын жаңа заман үрдісімен жұмыс істеуге бау-лыды. Ауылындағы әр жанұяға қамқор бола білді. Көптеген жыл еңбек еткен мектебінде Күршім ауданының Құрметті азаматы Байітлеу Қалитұлына арнап мұражай кабинеті ашылды.
Анасы Нұрхадиша Молдабаева - ақын, ұстаз. Күршім ауданының орталығындағы мұражайда өмір бойы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ардақты жанға арналған жеке бөлім бар. Кеңес Одағы кезінде ауылдық, аудандық, облыстық дәрежедегі депутат болған. Қазақстанның білім беру саласының үздік ұстазы, 10 бала тәрбиелеген Алтын жұлдыз иегері, аяулы ана, ардақты жар. Өз ауылында Нұрхадиша Қайсақызының аты балалары тұратын көшеге берілген. Күршім ауданының Құрметті азаматы.
Әр адамның өмірі бір тарих. Арғы-бергі тарихқа көз жіберсек, халық құрметпен еске түсіретін, қастерлеп ауызға алатын Байтілеу, Нұрхадиша есімдері ауылында, ауданында сондай құрметке халық игілігі үшін сіңірген еңбектеріне орай болғанын байқаймыз.
Асылы, бастау тұнығын тұма басынан алады ғой. Тегіне тартып өскен текті қыз ата-анасының жолын қуып, ұрпақ тәрбиесінде еңбек етіп келеді.
Сауле Байтілеуқызы «Менің өмі-рімдегі алғашқы ұстаздарым – әкем мен анам, ол кісілерден алған өнеге-өсиет өзіме азық, қызметіме жарар іс болды. Өмір дастанында ата-анаммен менің өмірім тағдырлас. Тұлымшағым желбіреген қаршадай кезімнен осы кісілер салған сара жолмен мен де келемін. Жол алыс, соқпағы көп, әйтседе, таласып жүріп күн кешемін. Құлайсың, жығыласың, үйренесің.
Бүгінгі күні шаңыраққа тірек болып, біз де ержеттік, оңымыз бен солымызды таныдық. Сол шақта, қос қанатымның бойыма сіңірген тәрбие мен тәлімі және ол кісілер араласқан зиялы ортадан алған ғибратым шынымен өмір жолында маған үлкен сабақ болды.
Иә, өмір болған соң, өріне шығып сүйіндік те, өзегіне түсіп күйіндік те. Сондықтанда, көргенім мен көңілге түйгенімнің бәрі маған талай мәрте биікке шықсам - сүйеу, құлап бара жатсам - тіреу болуға жарады.
Бар ізгілікті, имандылықты бойларына жиған ата-анамның биік тұлғаларын қашанда пір тұтамын, қадірлеймін, жадымда мәңгі сақтаймын» - деп ата-анасын еске алды.
Дала қоңырауы, данышпан Ы.Алтын-сариннің «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деген сөзді айтқанынан бері, міне, бірнеше ғасыр өтіпті. Мұғалім еліміздің ертеңгі болашағына бағыт-бағдар бе-ріп, жас ұрпақтың рухани өсіп-өнуіне үлкен жағдай жасағаны ақиқат. Демек, «Тәуелсіздіктің туы білімді ұрпақ қолында» деген қағида ұстаз Ыбырайдың аталы сөзімен сабақтасып жатыр.
«Білім - жанған шырақ» дейміз. Сол алауды бала бойына сіңіріп, жауапкершілік жүгін көтеріп, ел алдындағы парызын абыроймен атқару үлкен міндет. осыны білген Сәуле Байтілеуқызы бөтен ел, бөтен жер демей, жастығына қарамай, ұрпақ тәрбиесіне белсене араласып кете барды. Жасынан бойында ширақтық бар жас маман алғашқы жылдарда-ақ мектеп басшыларының көзіне түсе ба-стады. Екі, үш жылдың ішінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің жетік маманы атанды. Сол жылдары білімді, іскер маман, оқу ісінің меңгерушісі болып, ал 1994 жылдан 2011 жылға дейін Көкпекті орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Қызмет атқара жүріп, 2005 жылы Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін аяқтап, жоғары санатты ұстаз атанды.
17 жыл басшылық қызметінде сыры мен қырын жетік меңгерген білікті маман ретінде өзін көрсете білді. Ел сенімін арқалаған азаматша жауапкершілігі мол, адамгершілігі жоғары, шыншыл және сауатты жетекші ретінде танылды. Сол уақыттарда білім ошағы аудан мектептерінің білім сапасы жағынан жүлделі орындарға ие болып, алдыңғы қатарлы мектеп санатына кірді. Пән кабинеттері теориялық-әдістемелік жүйеге келтіріліп, заман талабына сай жабдықталды. Мектеп ұжымының тыныс-тіршілігі шын мәнінде мақтануға тұрарлықтай болды. Мектептің материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында көп-теген істер атқарылды. Мектепте муль-тимедиялық және интернет жүйесіне қосылған компьютерлі сынып ашылып, интерактивті тақта орнатылды. Мектептің заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу кабинеттері, спортзалдары, кітап-ханасы, асханасы, Л.Фахрутдинов атын-дағы әскери патриоттық клубы бар. Білім ордасының өлкетану мұражайында мектептің кешегісі толық көрсетілген, мұның бәрі Сәуле Байтілеуқызының ұстаздармен нәтижелі жұмыс жүргізуінің, ата-аналармен, әріптестермен ортақ тіл табысуының жемісі, жұмыс жүргізу барысында қарамағындағы адамдармен санасып, пікір алмасып, ақылдасып отырғанының нәтижесі.
Сонымен қатар, мектепішілік бақылау жүйесін өте тиімді жолға қоя білді. Сабаққа қатысу, оқушылардың дәптері, сынып журналдары, мұғалімнің әр түрлі жоспарлары бірінен соң бірі сүзгіден өтіп, әрқайсысына тиісті бағасын беріп жататын. Мектеп басшысының жұмысы тек тексерумен ғана шектелмей, мұғалімнің әрқайсысына теориялық, әдістемелік көмектер көрсетіліп, оқу-тәрбие деп аталатын процестің сан қырлы амал-тәсілдерін меңгеруге бағыт берді. Сәуле Байтілеуқызы аға буын мұғалімдерден бастап жас мамандармен жеке-жеке сөйлесіп, әрқайсысының жұмысына талдау жасап, нақты көмек беріп отырды.
Әрбір істің атқарылуы басшыға байланысты екенін өмір тәрбиесінде дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Сәуле Байтілеуқызы мектеп басшысына тағайындалғаннан бері еңбек жолы әлеміне үңіле отырып қарасақ, өзі сол атқарылмақ істің үлгісі болғандай. Тек тексеру айту, бұйрық беру емес сол жоспарланған дүниенің орындалуына да бақылау жасап, жауапкершілікпен қарауы жұмыс істеу стилінің дағдысы сияқты.
Талап, бақылау, қатаңдық пен қамқорлық жұптаса жүргенде ғана жұмыс жеңісін берері сөзсіз. Бұған қысқарта тестік бақылау, ғылыми жұмыс, әр-түрлі жарыстардағы ұстаз және оқушы жетістіктері дәлел бола алады.
Оқу-тәрбие жоспарының орындалу барысын үнемі қадағалап, істің нәтижесі бойынша ұстаздардың еңбегін дер кезінде бағалап, озық тәжірибелерді жинақтап, таратып отыруға да зор мән берді.
Адамның жан сырын терең түсінуге үйреткен сол өмір мектебі. Адамды мақсатына жеткізетін жан қуатының бірі - қайсарлық, бойындағы барлық қабілетін жұмылдырып, асқан төзіммен өмірлік мұратын тапқан ішкі рухы мықты, сенімі күшті ұстаз талай сынақтардан сүрінбей өтті. Алдына қойған мақсатына жету жолында кездескен кедергілерді айналып кеткен жоқ, өзінің еңбегімен жеңді.
Бар ғұмырын іздену мен оқуға «өз бақытын аямай, өзгенің бақытын аялауға» жұмсаған ұстаз еңбегі өлшеусіз. Ұрпақ тәрбиесінде оның перзенттік тері аз төгілген жоқ және ол тер текке емес, зиялылық пен салиқалылықтың арқасында тетігін тауып басып, көмейін тауып төгілген тер. Басшы жөнінде шегініс жасай кетсек жұмыстың жауапкершілігін түсінетін, жаңалықпен өзін де, ұстаз қауымын да қаруландырып отыратын, бұйрықпен емес, іс-әрекетімен ұжымын айналасына үйіре білетін, өз білімін үздіксіз толықтырып отыратын сергек жанды ұстаз.
Еңсесі биік, ақ ордалы, ғасырға жуық тарихы бар Көкпекті орта мектебінде халықтың ризашылығына бөленген Сәуле Байтілеуқызымен үзеңгілес, әріптес мұғалімдер қаншама, олардың қатарында Валентина Петкова, Мини-жиан Нигматуллина, Любовь Гидион, Альфия Нигматуллина, Бахты Алдыбаева, Нұрсағат Нурпейісова, Тұрсын Кенемолдина, Шолпан Салдырғазина, Нұргүл Қаражігітова, Шолпан Ғабдуллина, Гүлнар Хасенова және т.б бар.
Жас буын ұстаздар Нұрлан Шапатов, Айнұр Тоянкенова, Майра Құрманғалиева, Аслан Танысбаев сияқты мұғалімдер мектеп қабарғасында қызмет атқара жүріп, өз білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырды. Бүгінде бұл кісілер ауданымыздың мақтанышы, білікті мамандар, Аслан Балабекұлы мектеп директоры болып қызмет атқаруда.
- Өмір бір қалыпта тұрмайды. Мектебімізде алдыңғы толқын ағалар қатары келешегінен үміт күттіретін кейінгі толқын інілермен толығып қалыптасуда. Мұғалімге, оқушыға біліммен қоса рухты, имандылық, мейірім, адамгершілік шуағын сеуіп, ізгілікке жетелеу сияқты қарапайым қағидаларды да дамыту керек, сонда ғана нағыз тұлға қалыптасып, ұстаз бақытын сезінеді, - дейді ардагер ұстаз Сәуле Байтілеуқызы.
Шәкірт –ұстаз үшін алыстан жанған үміт оты болса, ұстаз өз шәкірті үшін келешекке бағдаршам. Халқымызда «Жартыны бүтін, бүтінді данышпан еткен ұстаз» деген ұлағатты сөз бар. Сәуле Байтілеуқызының ұядан ұшырған қаншама талантты шәкірттері мемлекетіміздің түпкір-түпкірінде қызмет жасап, ел діңгегі болып жүр. Ол да болса шәкірт тәрбиесі мен ұрпақ тәліміне қосқан зор үлесінің айғағы.
40 жылға таяу еңбек өтілі жолында аудандық, облыстық, республикалық көлемде өтіп жатқан қоғамдық жұмыс-тарға белсене қатысып жүр. Ұжымда және тұрғындар арасында құрметке ие, ел сенімін арқалаған азаматша, шыншыл және сауатты басшы ретінде танылды. Өзіне сеніп тапсырылған кез-келген жауапты жұмыстарда өзін ұйымдастырушылық қабілетпен, талапшыл, еңбекқорлығымен көпшіліктің көңілінен шығып, зор құрмет пен беделге ие болды.
Көкпекті орта мектебінің Аға ұс-тазы лауазымының иегері Сәуле Бекованың еңбегі еленбей қалған емес. Жас ұрпаққа білім беру жолындағы жетістіктері үшін аудандық, облыстық білім бөлімдерінің мақтау қағаздарымен, Білім беру мәдениет, денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, ауданның саяси-әлеуметтік өміріне белсене қатысқаны үшін Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет алғыс хатына ие болды. Көптеген жылдар Көкпекті аудандық, аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы болып, осы қоғамдық жұмысты жоғары деңгейде атқарғаны үшін Самар ауылының 100 жылдығана арналған мерекелік медалімен марапатталды, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына» арналған мерекелік медалінің иегері.
Ауданда жасөспірім ұрпақты Отан-сүйгіштікке тәрбиелеуде «Ауған қоз-ғалысын» жаңғыртқаны үшін Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуының 20 жылдығына арналған естелік медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы экономикасының абыройын арттыруда Халықаралық рейтинг жобасының нәтижесі бойынша «Даңқ жұлдызы» орденінің иегері.
Адамның бақыты деген – жаны сүйетін кәсіппен айналысып, ұрпақ өсіріп, сый-құрметке бөлену болса, Сәуле Байтілеуқызы да осындай өмір белестерін өткізіп келеді. 2011 жылдан «Шуақты Шұғыла» балабақшасында меңгеруші болып қызмет атқаруда. Ұстаздығына қоса ардақты ана, асыл әже. Балалары жоғары білімді мамандар. Қуаныш - заң қызметкері, Әсем - кәсіпкер. Немерелері Дархан, Болат, Еламан, Әдемі алтынға бағалайтын асылдар. Балалары еңбекте алда, немерелері оқуда озат.
«Өткен уақыт үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйытқыйды» дегендей, кешегі бүлдіршін, бүгінгі күні мәртебесі биік ұстаз Күршім өңірінің тумасы Сәуле Байтілеуқызы 60 жасқа келді.
Қайықтай сырғыған уақыт-ай десеңші. Бақыттың бұлағында, шаттықтың шуа-ғында тербеліп, жүрегі жырға, жүзі нұрға, көңілі сырға толып, аяулы Сәуле алпыстың асуына да келіпті. Несі бар, бұған да қуану керек шығар. Өйткені, алпыс рет қар басып, алпыс рет жаз көріп, осы ғұмырға лайықты адам пенденің еншісіне бөліп берер қуаныштары мен жақсылықтарының дәмін татты. Бұл белеске Сіз өнегелі де мағыналы жолдан өтіп, келіп отырсыз. Осынау өмір сапарында сіз қалдырған із, сіз тындырған іс көптің көңілінен шығары хақ.
Ақылды да өтімді, айбарлы да ажарлы білімді де мінезді, сырын да, сынын да сақтай білген Ұстаз-Ана Сәуле Байтілеуқызын 60 жасқа толған торқалы тойымен құттықтаймыз.


Сейсенбаева Венера Иманғалиқызы,

Қазақстан Республикасы

оқу ісінің үздігі, Семей қаласы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз