Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесі жылы білім саласына, соның ішінде ел келешегінің негізін қалайтын ауыл мектептеріне тосын жаңалықтар енгізуімен ерекшеленуде. Мәселен, жаңа оқу жылында аудан орталығындағы іргелі білім ошағы Көкпекті орта мектебінің базасында ер балаларды әскери бағытта оқытып тәрбиелеу мақсатын көздейтін кадет сыныбы ашылғаны көкпектіліктер үшін қуанышты жаңалық. Бұл туралы анығын білу үшін аталмыш мектепте 40 жылға жуық өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұстаздық етіп жүрген АӘД пән мұғалімі Рахимов Бекболат Ешмұхаметұлымен әңгімелескен едік.
- Бекболат Ешмұхаметұлы, осындай игі істің басталуына негіз болған не?
- Көкпекті мектебінде кадет сыныбының ашылуы бекер емес. Олай дейтінім, мектебімізде ашылғанына 15 жыл болған «Л.Фахрутдинов атындағы әскери-спорттық клуб» өз жұмысының жоғары нәтижесін көрсетті. Патриоттық клуб соңғы 8 жыл қатарынан республика, облыс көлеміндегі жарыстарда бірінші орын алуда. Ағымдағы жылдың 27 шілде – 6 тамызы аралығында Облыстық «Ұлан» әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен

«Даңқ-2016» жазғы далалық-оқу жиындары өткен. Сол шараға қатысқан шығыс ұландары жетекшісі ретінде маған дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты Сертификаты табысталды. Сондай-ақ, бұл шарада көкпектілік команда түрлі аталымдар бойынша дипломдарға ие болғанын мақтанышпен айта аламын. Міне, осы жетістіктеріміз оң бағасын алып, облыстық қорғаныс Департаменті мен «Дарын» дарынды балаларға қосымша білім беру Департаментінің, аудан әкімшілігі, аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен 5 сыныптағы 14 ер бала қабылданған кадет сыныбы ашылуына негіз болғаны анық.
- Ұландар үшін кадет сыныбының қандай артықшылықтары бар?
- Біріншіден, оның болашағы зор. Әскери-патриоттық тәрбиенің бастамасын алатын ер балаларға Семейдегі «Жас Ұлан» лицейі, Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы, Щучье қаласындағы және басқа қалалардағы кадет корпустарына, одан әрі қарай жоғарғы әскери институттарға оқуға түсуге зор мүмкіндік туады. Оқу орнын тәмамдағандар офицер-кадр болады, әскери шенге ие болып, бөлімшелерді басқарады. Шәкірттер темірдей тәртіп пен тәрбие, базалық білім алумен бірге, ағылшын тілі, музыка, әдеп, эстетика, спорт, АӘД сияқты қосымша пәндерді меңгереді. Кадеттердің әр сабағы бөлімше командирінің келген мұғалімге рапорт беруінен басталып, сонымен аяқталады, яғни, әскери устав бойынша жүріп-тұратын болады.
Осы әңгімеден кейін ауданымызда жаңадан бастауын алған игілікті істің қарапайым халыққа берері мол екеніне шек келтірмедік. Бұған дейін әскери оқуға түсу қаншама жас жеткіншектің тек орындалмай қалған арманы ғана болса, енді дәл осындай керемет мүмкіндік ауыл баласына қолжетімді болатыны жанымызға шаттық сыйлайтыны рас. Ендеше, осы іске салмақты үлес қосып, басы-қасында жүрген елжанды азамат, Көкпекті мектебінің АӘД пәнінің тәжірибелі ұстазы Бекболат Рахимовке еңбегіңіз жемісті болсын дейміз. Ал, кадет сыныбының жас курсанттарына сәттілік пен батылдық, айбындылық пен қажыр-қайрат жолдас болсын демекпіз!
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз