Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

"Абай атындағы мектеп- балабақша кешені"КММ бітіргендеріне 50 жыл толған түлектер өздерінің алтын ұя мектебіне деген құрметі мен шынайы алғысын білдіріп, мектепке спорттық доптар мен акт залға кілем сыйға тартты. Бұл – туған мектебін ұмытпай, білім нәрімен сусындатқан қара шаңырағына қолдау көрсетудің, кейінгі ұрпаққа жанашырлық танытудың жарқын үлгісі. Осындай игі бастама арқылы ардақты түлектер мектепке деген сағынышын білдіріп қана қоймай, оқушылардың спортпен шұғылдануына және мектеп өміріне өз үлестерін қосты.

Құрметті 50 жылдық түлектер!
Сіздерге мектеп ұжымының атынан шынайы алғысымызды білдіреміз! Туған мектебіңізге жасаған сый-сияпаттарыңыз игілікке жарап, шәкірттеріміздің игілігіне қызмет етсін! Алтын ұяға деген құрмет – ұрпаққа көрсетілген өнеге!

  Үлгілімалшы  ауылдық округі

Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының түлектері туған ауылдарына ерекше тарту жасап, ауыл кіреберісіне сән беретін жаңа самалжай орнатты.

Білім ордасы – әрбір адамның өмір жолына бағыт беріп, болашағының берік іргетасын қалайтын қасиетті мекен. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 11 «Б» сыныбының түлектері өздері білім алған алтын ұя мектебінен сіңірген тәлім-тәрбиенің, адамгершілік пен сыйластықтың үлгісін көрсетіп, туған ауылдарының көркеюіне өз үлестерін қосты. Самалжай құрылысының барлық жұмыстарына түлектер өздері белсене араласты. Құрылыстың басталуынан бастап әр тастың қалануына, сырлау және әктеу жұмыстарына дейін қатысып, игі істің сапалы аяқталуына атсалысты. Жаңа нысанның ашылу рәсімінде қызыл лента қиылып, шашу шашылып, ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді. Ауыл тұрғындарының қуанышына айналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің 40 жыл, 25 жыл және 10 жыл бұрын бітірген түлектері мектептеріне деген шынайы құрмет пен жанашырлықтың жарқын үлгісі ретінде сый тарту етті. Айта өтсек, 40 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері 100 000 теңгеге абаттандыру мен көгалдандыруға арналған құрылғыларды тарту етті.

Толығырақ...

"Адал азамат, Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, мамыр бірлік пен ынтымақ айы шеңберінде "Еңбегі адал - жас өрен" жобасы аясында мектебімізде 2024-2025 оқу жылының қорытындысын шығару мақсатында "Үздіктер шеруі" кеші ұйымдастырылды. Бұл жиын жыл бойы әр түрлі деңгейде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар және спорттық жарыстарда жеңімпаз атанып, жүлдегер болған оқушыларға арналды. Шеруге облыстық, республикалық, халықаралық байқау жүлдегерлері, "Білім шыңы","Спорт саңлағы" аталымдары бойынша жиыны 141 оқушы қатысып, статуэтка, мақтау грамотасымен марапатталып, тәттілер сыйға тартылды. Барлық марапатталушыларды құттықтаймыз!

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ілияс Жансүгіров оқулары» аудандық кезеңіне қатысты. Байқауға 10 - сынып оқушысы Идаятова Наз «Заманның заңғар тұлғасы» номинациясына қатысып, 1 орын алды. Сонымен қатар 10 - сынып оқушысы Көкөнова Ұлжан–«Сұлу сөздің сүлейі» номинациясына қатысып - 2 орын және 9 - сынып оқушысы Николаева Әдемі – «Жаз!Жаз! Қалам, жорғалап» номинациясына қатысып - 2 орынға ие болды. «Ілияс –қарасөз шебері» номинациясына 9 - сынып оқушысы Ахмадиева Томирис қатысып, «Белсенді қатысқаны» үшін марапатталды. Оқушыларымызды құттықтаймыз!

І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ақпараты

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз