Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. 2022 жылдан бастап "Үкілі Домбыра" атты үйірме құрылған болатын. Үйірмеде домбырашылар, бишілер, әншілер, гитаристтер бар. 12 шілде күні "Үкілі Домбыра" үйірмесі есептік концерт өткізді.Үйірменің басты мақсаты ата-бабалар тастап кеткен асыл мұраны жалғастыру, күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.

Ауылдық округ ақпараты

Шұғылбай ауылдық округінде І.Жансүгіров орта мектебі мұғалімдері А.Разаева, Н.Макешова, М.Қалелов және ауылдық клуб меңгерушісі А.Мұсағазинованың ұйымдас-тыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Шарада мереке иелері спорттық ойындар ойнап, сайыстарға қатысып, шағын футболдан жарысқа белсене қатысты. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Мерекелік шарада сөз алған ауылдық округтің бас маманы Анар Назарханова жиналған жұртшылыққа мерекеге орай жылы лебізін жеткізді. Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері С. Құнанбаева, Г.Тоқтамысова, Л.Жабагина, А.Тоқтарова демеушілік жасап балмұздақтар мен тәттілер таратты. Мереке соңында жарыс жеңімпаздарына марапаттар табысталды.

А.Мұсағазинова,
клуб меңгерушісі

Наурыз айы - қайырымдылық пен мейірімділіктің айы болып саналады.
Қ.Аухадиев атындағы мектебі қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Игі шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Ниязбаева.
Бұл күні мектептің дәлізі үлкен сауда алаңына айналды. Оқушылар мен ата-аналар өздері пісірген пицца, торт, бәліш сынды тәттілерді арзан бағамен сатты. Ал оларды сатып алушылардың қатары тіптен көп. Мектеп ұжымы қайырымдылық жасауға көп мән береді. Білім ордасының оқушылары дәмді тағамдарын сатып 29 мың теңге қаражат түсірді. Жиылған қаражат ДЦП дертіне шалдыққан кішкентай Әлидің еміне аударылады.

Ауылдық округ ақпараты

Көкпекті ауданы Абай облысының ең шұрайлы да шежірелі өлкелерінің бірі. Жерімізде 3 миллион жылдық астрономиялық ескерткіш - Биғаш кратерінен бастап, сақ қорғандары, көне түркі ескерткіштері, феодалдық заман жәдігерлері, капитализмнің белгілері, қызыл кеңестік социализмнің таңбалары, Егемен еліміздің Тәуелсіздік нысандарына дейін баршылық.
Бүгін 124 жылдық тарихы бар Көкпекті аудандық кітапханасында «Киелі жерлер мен көне ескерткіш орындарына карта арқылы саяхат» атты танымдық дәріс жүргізілді. Дәріске оқушылар шығармашылық сарайы, білім бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мен кітапхана ұжымы қызметкерлері қатысты.
Кезінде 2015 жылы Әлібек Саржанов пен Маржан Тажикованың әзірлеуімен дайындалған карта арқылы саяхат жасалды. Саяхат барысында жәдігерлердің орналасу орны, олардың сипаттамасы айтылды. Келіп көріп, танысамын деушілерге есігіміз ашық.

Аудандық кітапхана

Тассай ауылындағы кездесу халық пен билік арасындағы келелі кеңеске ұласты. Мәдениет үйінің ғимаратында өткен кездесу жиыны жинақы әрі екіжақты пікіралмасу, сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Ауылдық округ әкімі Ержан Мазыбаев халық алдында есептік баяндама жасады. Атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жоспарлармен таныстырды. Ынтымағы жарасқан Тассай ауылының халқы кіндік қаны тамған туған жеріне деген ерекше қамқорлығымен ерекшеленеді десек артық емес. Соңғы жылдары ауылдан шыққан азаматтар туған жерінің гүлденуіне атсалысу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. «Тассай азаматтары» деген атпен қоғамдық қауымдастық құрылып, талай игілікті істерді жүзеге асыруда. «Тұғырлы Тассай» атауымен жыл бойында кешенді жобалар жүзеге асырылды. Тассайлық азаматтардың мызғымас бірлік-берекесі, туған жерге деген махаббаты басқа ауылдарға үлгі.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз