Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы Абай облысының ең шұрайлы да шежірелі өлкелерінің бірі. Жерімізде 3 миллион жылдық астрономиялық ескерткіш - Биғаш кратерінен бастап, сақ қорғандары, көне түркі ескерткіштері, феодалдық заман жәдігерлері, капитализмнің белгілері, қызыл кеңестік социализмнің таңбалары, Егемен еліміздің Тәуелсіздік нысандарына дейін баршылық.
Бүгін 124 жылдық тарихы бар Көкпекті аудандық кітапханасында «Киелі жерлер мен көне ескерткіш орындарына карта арқылы саяхат» атты танымдық дәріс жүргізілді. Дәріске оқушылар шығармашылық сарайы, білім бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мен кітапхана ұжымы қызметкерлері қатысты.
Кезінде 2015 жылы Әлібек Саржанов пен Маржан Тажикованың әзірлеуімен дайындалған карта арқылы саяхат жасалды. Саяхат барысында жәдігерлердің орналасу орны, олардың сипаттамасы айтылды. Келіп көріп, танысамын деушілерге есігіміз ашық.

Аудандық кітапхана

Тассай ауылындағы кездесу халық пен билік арасындағы келелі кеңеске ұласты. Мәдениет үйінің ғимаратында өткен кездесу жиыны жинақы әрі екіжақты пікіралмасу, сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Ауылдық округ әкімі Ержан Мазыбаев халық алдында есептік баяндама жасады. Атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жоспарлармен таныстырды. Ынтымағы жарасқан Тассай ауылының халқы кіндік қаны тамған туған жеріне деген ерекше қамқорлығымен ерекшеленеді десек артық емес. Соңғы жылдары ауылдан шыққан азаматтар туған жерінің гүлденуіне атсалысу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. «Тассай азаматтары» деген атпен қоғамдық қауымдастық құрылып, талай игілікті істерді жүзеге асыруда. «Тұғырлы Тассай» атауымен жыл бойында кешенді жобалар жүзеге асырылды. Тассайлық азаматтардың мызғымас бірлік-берекесі, туған жерге деген махаббаты басқа ауылдарға үлгі.

Толығырақ...

Биылғы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес аудан әкімдерінің халықпен өткізетін кездесулеріне өзгерістер енгізілді. Енді аудан әкімдері тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтаждарын тыңдайтын болады. Осыған орай Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев елді мекендерді аралап, халықпен кездесулер өткізуде.
Халықпен кездесулерге аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын, салалық қызмет басшылары қатысуда.
Аудан басшысы 13 қаңтар күні Биғаш және Тассай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Толығырақ...

Желтоқсан айының басында Семей шаһарында ауыл жастарының ұйымдастыруымен тамаша бір басқосу өтті. Бұл іс-шара ауылдың бүгінгісі, ертеңгісі, болашағы жайлы ойлаған азаматтардың бірегей бастамасы. Тассай ауылының киелі топырағында дүниеге келіп, бүгінгі күні өз кәсіптерін дөңгелетіп, артындағы ел-жұрттың қамын ойлап жүрген азаматтар Байгереев Берік Серікпайұлы, Шахарманов Жангелді және олардың ізбасарлары Жұмашев Алмас, Сафиоллаев Дінмұхамед, Тұрлыбеков Саяхат және де Құдайбергенов Бақдәулет пен Көбейов Еркебұлан (2021 жылғы ТМД елдері арасындағы ХХІ ғасыр көшбасшылары, «Үздік студент» номинациясының жеңімпаздары) бастама көтеріп, ауыл әкімі Мазыбаев Ержан Құдайбердіұлы қолдау көрсетіп, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқан үш буынның басын қосты.

Толығырақ...

Республика күні мерекесін Көкжайық халқы қос бірдей қуанышты жаңалықпен қарсы алды. Көптен күткен су құбыры іске қосылып, ауылға таза ауыз су берілді. Сондай-ақ қайта жөндеуден өткен спорт залы пайдалануға берілді. Ауыл халқының қос қуанышын бөлісуге барған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев мерекелік шараларға қатысты.
Су құбырын салтанатты іске қосу шарасына ауылдың кәрі-жасы толық жиылды. Жиында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, мердігер ұйымға халық атынан алғыс білдірді.
- «Су - тіршілік көзі, жердің нәрі» деген дана халқымыз. Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында, қол жеткізіп отырған бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажет. Көкпекті ауданында Президент қойған міндетті орындау мақсатында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада Үлкенбөкен, Преображенка және Үлгілімалшы ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Алдағы 2023 жылы тағы 6 ауылға таза ауыз су тартылады. Таза ауыз сумен Шұғылбай, Биғаш, Шәріптоғай, Қарамойыл, Ақой және Мамай ауылдарын қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз