Ағымдағы жылы Биғаш ауылдық округінде округ әкімі Ж.Бауедимовтың мұрындық болуымен ауылдың кіре берісіне арка қою жұмыстары бас-талды. Сондай-ақ, арканы дәнекерлеу жұмысына ауылдың белсенді азаматтары, ауылдан өсіп – өніп шыққан 1974 жылғы мектеп түлектерінің және ауданымыздағы белді шаруа қожалық басшылары В.Виничук, А.Бойков, А.Макаров, Е.Юсуповтың үлестері зор. Осындай ауылдың ажарын келтіретін игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз.
Ж.Байсеңгірова,
клуб меңгерушісі
Көкжайық орта мектебінде «Абай оқулары» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Жыл са-йын дәстүрлі түрде ел көлемінде өтетін сайыстың аудандық кезеңіне жолдама берілген. Бұл байқауда 12 қатысушы «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымдары бойынша бақ сынады. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа айта білуі, мәнерлеп орындауы ескерілді.
Толығырақ...Барлық ауылдық округтерде аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сенбіліктің негізгі мақсаты - ауылымыздың тазалығын және экологиялық жағдайын жақсарту. Осыған байланысты Иван Федосов атындағы Мәдениет үйінің ұжымы өз аумағында сенбілік өткізді. № 1 Самар орта мектебінің еріктілері бұлақты тазалады. Самар аграрлық-техникалық колледжінің еріктілері ауылдың ақсақалдарына көмектесіп, үйдің маңайы мен ауланы тазартты. Әкімдік қызметкерлері Букетов, Самарға 100 жыл, Астана көшелерінде сенбілік өткізді. «Тазалық табалдырықтан бас-талады», сондықтан біз қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуға шақырамыз.
3 ақпан күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті брифинг өтті. Бұл жолы Құлынжон ауылдық округінің әкімі Самарқан Демесинов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Округ әкімі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы баяндама жасап, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
- Құлынжон ауылдық округі екі ауылдан құралған. Олар Құлынжон және Көкжыра. Округіміздің ерекшелігі бейбітшілік пен ынтымақтастықтың арқасында әртүрлі ұлт өкілдері тұрып жатыр. Тұрақты халықтың саны –1502 адам, Құлынжон ауылында -775 адам, Көкжырада - 727 адам бар, - деп бастады баяндамасын ауыл әкімі.
27 қаңтарда аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Шұғылбай, Қ.Аухадиев, Үлкенбөкен ауылдық округтері әкімдерінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы халыққа онлайн-режимде есеп беру кездесуі өтті. Олардың басты тақырыптары- өткен жылғы жұмыстарды қорытындылау және тұрғындарды мазалаған мәселелерге жауап беру.
Биылғы жылы коронавирус індетіне байланысты барлығына таныс форматтың орнына кездесулер әлеуметтік желілер мен Zoom бағдарламасын қолдана отырып онлайн режимінде өткізілді.
Кездесулердің барысын Instagram желісіндегі "Tolagainews" ақпараттық порталының ресми парақшасында және Zoom сервисі арқылы(арнайы құрылған конференцияның қатысушысы бола отырып) бақылауға болады. Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Эфирге қосылуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар арнайы қойылған қораптар арқылы жазбаша түрде сұрақтарын жолдады.
ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.