Көп болсын әр үйде сәби үні!
Өссін балалар білімді де тәрбиелі!
Құтты болсын айтамын, елім саған,
Бүгінгі балалардың қорғау күні! - деп Көкжайық ауылында бұл мереке биылғы жылы ерекше аталуда. Балалар саябағында мерекеге орай субұрқақ іске қосылды және ауылдың кәсіпкерлері әкімшіліктің ұсынысын қабыл алып, 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына тегін балмұздақ таратты. Мерекеге демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз.
Бастаушы ауылдық округіндегі 1 маусым Балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке округ әкімшілігі ғимаратының алаңында өтті. Ауыл әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік шарада бүлдіршіндер ән айтып, өлеңдерін оқып өз өнерлерінін ортаға салды. Мерекеде балалар қызықты ойындар ойнады.
Көкпекті ауылдық округіне қарасты Шәріптоғай елді мекенінде 70 аула, 259 тұрғын бар. Ауыл тұрғындарына 1 негізгі мектеп және 1 ФАП қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін ауылда ауылдық клуб болмаған. Ағымдағы жылы бұрынғы клуб ғимараты сот шешімі негізінде иесіз деп танылып, мемлекеттік иелікке алынды. Қазіргі уақытта ғимараттың төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылдың аяғына дейін клубты қалпына келтіру ісі толығымен аяқталады деп жоспарланған.
Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі, жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның қасиетті де қастерлі мерекесі.
Жыл өткен сайын жаңғыра түскен Көкпекті ауданы аға буынға құрмет көрсету, ардагерлерді ардақтау шаралары да игі үрдіске айналған. Әсіресе, Ұлы Жеңіс мерекесінде аймақтың атқамінерлері майдангерлердің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, дидарласуды парыз санайды. Биылғы мереке аясында аудандық мәслихаттың депутаты Айша Қалибекқызы Бикатова Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Сарыбел ауылындағы тыл ардагерлеріне барып, құттықтады.
Көктем келісімен аудан округтерінде санитарлық тазалау және көркейту жұмыстары біртіндеп жандана бастады. Палатцы ауылдық округінің әкімі Бағжамал Базылағзамның ақпараты бойынша, Подгорное ауылындағы Жеңіс саябағында 40 түп қарағай, 20 қайың көшеті, 10 черемуха, 5 бұта сирени, 25 - жіп отырғызылды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.