Жыл сайын Көкпекті ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталған республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Бұл игі бастама аясында қайырымды жандар мен демеушілердің қолдауымен балалар қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, жаңа оқу жылын алаңсыз әрі қуанышпен бастауға мүмкіндік алады.
Биыл да ізгі дәстүрден ТОО «Altai Resources» компаниясы шет қалмай, акцияға қолдау көрсетті. Компания мектеп қажеттіліктерін сатып алуға 2 000 000 теңге көлемінде қаржы бөлді. Осындай жүрекжарды қолдаудың арқасында ауданымыздың 100 оқушысы жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен, қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алды.
31 тамыз күні аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында 100 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе тауарларын табыстау рәсімі өтті. Сыйлықтар ауданның әртүрлі мектептерінде білім алатын оқушыларға берілді.
Жаз мезгілі – бүлдіршіндер мен мектеп жасындағы балалардың асыға күтетін ең қызықты кезеңі. Бұл мезгілде балалардың демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың бос уақытын мазмұнды өткізу маңызды. Осы мақсатта ауданымызда түрлі мәдени-танымдық және шығармашылық іс-шаралар қолға алынуда. Солардың бірі – Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайының базасында жұмыс істеп жатқан «Толағай» жазғы орталығы.
Орталық өз жұмысын маусым айының 3-інен бастап, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда «Толағай» жазғы орталығына келушілер саны 50-ден асып отыр. Оның үстіне күн сайын орталыққа қызығушылық танытып, ағылушылар қатары артуда. Жас өрендердің бос уақытын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне білікті педагог-тәлімгерлер – Келербекова Назым Жұмабекқызы, Джамбаев Ринат Қапасович және Сейтқазы Мәншүк Мүбаракқызы жауапты.
17 мамыр күні Көкпекті ауылдық мәдениет үйінде Оқушылар шығармашылық сарайы оқушыларының «Өнерлі өлкенің өрендері» атты есеп беру концерті өтті. Ұстаздардың шеберлігін шыңдап, талантты шәкірттердің өнерге қанатын қақтырған оқушылар шығармашылық сарайы жыл сайын есепті концертін ұсынып, ата-аналар мен ауыл тұрғындарының батасын алуды дәстүрге айналдырды.
Толығырақ...Бұған дейін әбден тозығы жетіп, ғимараттары ескіріп, халқы жөңкіле көшіп жатқан Биғаштың тіршілігі қайта жанданып, тамырына қан жүрді. Алдыңғы жылы ауыл азаматтарының бірлескен күшімен жаңа мешіт бой көтерсе, былтыр арнайы мемлекеттік бағдарламамен дәрігерлік емдеу пункті салынған болатын. Ал биыл ауыл халқын тағы бір мәрте риза қылған себеп бар. Ауылды шаттық пен қуанышқа толтыратын бала болса, ауылда бала қуашынын арттыратын ерекше құрылыс аяқталды.
12 маусым күні аудан әкімі Биғаш ауылына жұмыс сапары барысында балалар ойын алаңының ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шарада ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтап, бұл алаңды ұқыпты сақтап, күтіп ұстаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл балалар ойын алаңының бір ерекшелігі – үш жобаның біріктірілуінде: шағын футбол алаңы, стрит воркаут алаңы және ойын алаңы.
Толығырақ...Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті — рухани жаңғыруда екені анық. Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге адаспай тауып жете аламыз. 14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күні. Мейрам 2012 жылдан бері тойланса, ауданымызда жыл өткен сайын кең ауқымда аталып өтіп жатыр.
Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Көкпекті орта мектебі «Шын жүректен кітап сыйлайық» атты арнайы акция ұйымдастырды. Іс-шараға аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Балабекұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы қатысты. Басты мақсат оқырмандарды кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап қорын көркем әдебиетпен толықтыру болып табылады. Аудан әкімі акцияға атсалысып, білім ордасына өз атынан кітап тарту етті.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.