Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпанның 12-сі күні аудан әкімі Әділет Қожанбаев бастаған дербес бөлім басшылары Семей қаласына барып, Шәкәрім атындағы университеттің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарды ауданымыздың жетістіктерімен таныстырып, оларды өңірімізге жұмысқа шақыру болды. Кездесу барысында аудан басшысы түлектерге ауданымыздағы білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет және ауыл шаруашылығы салаларындағы бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат беріп, жас мамандар үшін жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар “Дипломмен ауылға” бағдарламасының мүмкіндіктерін және аудан кәсіпкерлері бастамасымен құрылған арнайы қордан білікті мамандарға қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Толығырақ...

16 қаңтары күні М.Әуезов атындағы орта мектебінде тәлімгер А.Мазыбаеваның ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерін арнайы кездесуге шақырды. Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны мен маңызы туралы түсіндіру мақсатында 8-10 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау- болашақты таңдау" атты кездесу кеші өткізілді. Шараны студенттер өздерін таныстырудан бастады. Кездесу барысында оқу орындары мен мамандықтары туралы қажетті ақпарат берді. Бұл кездесуден студенттер мен оқушылар жақын танысуларына, тәжірибе алмасып, болашақта бір - біріне көмек көрсетулеріне мүмкіндік алады. 2024 жылдың мектеп түлегі, қазіргі уақытта Шәкәрім Университетінің IT - мамандығы бойынша 1 курс студенті Маутбеков Альтайр Қайырлыұлы ТМД- елдер арасында "Үздік студент" атағына қалай ие болғаны жөніндегі жетістігімен бөлісті. Кеш өте сәтті өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, соңында бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп тарқасты.

М.Әуезов атындағы орта мектебінің ақпараты

Көкпекті аудандық Оқушылар шығармашылық сарайында «Жас ақындар», «Көркем сөз», және «Жас актер» үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Көкпекті азат елдің бір бөлшегі» атты танымдық сабақ өтті.
Жас өренді елін, жерін сүюге, Отанын құрметтеуге үйрету мақсатында өткен іс-шараға аудан әкімдігінен, аудандық жастар ресурстық орталығынан, аудандық кітапханадан және тілдерді оқыту орталығынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Толығырақ...

Оқушылар шығармшылық сарайы – ауданымыздың білім беру саласындағы жетекші мекемелердің бірі. Аудан орталығында орналасқанымен, бүгінгі күнге дейін көптеген талантты жастарды тәрбиелеп, тізгін ұстар ел азаматтарын түлетіп ұшырды. Олардың әрқайсысы өз саласында жемісті еңбек етуде.
Бүгін Оқушылар шығармашылық сарайында жоспарға «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» атты түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға сурет үйірмесінің түлегі Ерланов Сұңғат пен домбыра сыныбының түлегі Ахан Гаухар келді. Түлектер кездесудің тізгінін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сабырбекқызы алып, кештің мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Ерланов Сұңғат Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің «Дизайн» мамандығының 4 курс студенті. Ал, Ахан Гаухар Мұқан Төлебаев атындағы музыка училишесінің 2 курс студенті. Кездесу барысында сөз алған түлектер алғашқы мұғалімдерін еске түсіріп, оқушы кездеріндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар олар бүгінгі күні мемлекет тарапынан жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, тек білім алу қажеттігін жеткізді. Бұдан өзге олар мамандық таңдау туралы өздерінің кеңестерін беріп, тәжірибелерімен де бөлісті. Осылайша артынан ерген іні-қарындастарына ақылдарын айтқан түлектер бастысы жан-жақты болуға шақырды. Кездесуде оқушылар түлектерге түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Кеш соңында сөз алған мектебіміздің директоры Асқар Дүйсенбекұлы аталған білім ордасында Назым Жұмабекқызы, Айдана Ермекқызы сынды алдыңғы буын жастардың қазіргі таңда қалтықсыз еңбек етіп жатқанын мақтанышпен жеткізіп, кейінгі түлектерде ел үшін аянбай жұмыс жасап жатқанын сөз етті.

Оқушылар шығармашылық сарайының ақпараты

Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 26 қарашадағы № 84 хаты негізінде 25 қараша елімізде зорлық-зомбылықты жоюға және балалардың құқықтарын қолдауға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы басталған болатын. Соған орай «Көкжайық орта мектебінде 3 желтоқсан күні іс-шара жоспарына сәйкес, 7-11 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру, мейірімділік, құрмет, бір-біріне көмек көрсету құндылықтарын насихаттау арқылы зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар зорлық - зомбылық (буллинг, кибербуллинг) туралы мағлұмат алып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсінді. Тренингте балалар өз орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға үйренді. Жағдаяттық сұрақтарға белсенді жауап беріп, қызығушылықтарын танытты.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Ақпарат беруші мектеп психологы:

Орынбекова М.К.
Мектеп директоры: Нукушева С.Т.

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз