Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын бұл жолы көшпелі форматта Үлгілімалшы ауылында өтті.

Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары,  дербес бөлім басшылары,  ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.  Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралып,  олардың шешу жолдары талқыланды.

Толығырақ...

17 маусым күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрайымы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Талғат Манапұлы Сарманов жүргізді. Сессия барысында ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Көкпекті аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы болды. Бұл мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Ермекұлы Оразханов баяндама жасап, тиісті ақпарат ұсынды. Қарымсақ Санат Батанұлы мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты мәслихат қатарынан және соған қатысты түрлі комиссия қатарынан шығарылды.

Толығырақ...

17 маусым күні әкімдіктегі азаматтарды қабылдау орталығында Нұрбек Тұрсынханұлы Көкпекті ауылы әкімі және жекелеген бөлім басшыларымен бірге тұрғындарды әр түрлі мәселелер бойынша қабылдады. Бұл жолғы қабылдауға бір мәселе бойынша ерлі-зайыпты 2 адам келді. Алматыдан көшіп келген қос зейнеткер Көкпектіде орныққан баспаналарын жөндеуге қаржылай көмек алу мәселесі бойынша әкімге жүгінді. 

Толығырақ...

17 ақпан күні Көкпекті аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген аппараттық жиын өтіп, маңызды тақырыптар талқыланды. Көкпекті ауданының әкімі Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы басқарған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, "Аманат" партиясының аудандық филиалы төрайымы, аудан әкімдігінің аппарат басшысының міндетін атқарушы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Отырыста алғашқы мәселе ретінде 2026 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасының жоспарлы тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. Бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде мансап орталығының басшысы Мерей Смағұлов баяндама жасады.
Келесі кезекте аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтардың өтініш-шағымдарының орындалу барысы, сондай-ақ хаттамалық тапсырмалардың жүзеге асырылу деңгейі қарастырылды. Бұл жөнінде аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Диас Серікбеков ақпарат берді.

Толығырақ...

Ауданымызда цифрлық теңсіздікті жою мақсатында жұмыстар жоспарға сай жүргізілмек. Яғни,сапалы байланысты қамтамасыз ету мақсатында жоғары жылдамдықты интернет желісін тарту жұмыстары жақын күндері бастау алмақ.

Сәуір айында аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы “Қазақтелеком” АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілдерімен кездесу өткізіп, аудан аумағындағы интернет жылдамдығын арттыру мәселесін талқылады. Кездесу нәтижесінде Көкпекті ауылында 2025 жылдың соңына дейін «GPON» технологиясы негізінде талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылатыны белгілі болған еді.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз