
10 қаңтар күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жоспар бойынша аудан тұрғындарын қабылдады. Аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығына тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері жиналып, қабылдауға тізімге тіркелген тұрғындардан ең алдымен Көкпекті ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Дмитриева Снежана Владимировна кірді.
Толығырақ...
Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Абай облысы өңірлік Коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясында Көкпекті ауданының 2024 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы кең көлемді ақпарат берді.
Аймақтың баспасөз өкілдері қатысқан брифингте аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, аудан әкімдігінің алдағы 2025 жылғы жоспарын айтып өтті. Сонымен қатар Әділет Нұрсағатұлы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға да жауап берді.
Толығырақ...Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсан күні Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы аудандық «Аманат» партиясы ғимаратында алдынала жазылған аудан тұрғындарын қабылдады. Қай ауданда болмасын жергілікті билікке айтар арыз-арманын, түйткілді мәселесін жеткізе алмай жүрген жандар болады.
Аудан әкімінің қабылдауына ауданнан ғана емес, республиканың өзге өңірінен де тұрғындар жазыла алады.Көкпекті ауданы бойынша аудан әкімінің қабылдауына жазылған азаматтардың тізімінен ең бірінші болып Көкпекті ауылының тұрғыны Темергалиева Райхан Мухамадиярқызы тұрғын үй мәселесі бойынша кірді. Ол кісі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегіне 2020 ж. 03 қараша айында тұрған, қазіргі уақытта кезекте № 46 болып тұр. Аудан басшысы Райхан Мухамадиярқызының мәселесін барынша заң аясында шешетінін, бұл мәселені өзі қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімінің қабылдауына немересін жұмысқа орналастыру мәселесімен Преображенка ауылының тұрғыны Алин Оралғазы Аксейітұлы және тұрғын үй мәселесі бойынша Көкпекті ауылының тұрғыны Шакенова Анар Марсекқызы кірді. Олардың сұрақтарына Әділет Нұрсағатұлы барынша нақты әрі толық жауап берді. Қабылдауға келген Көкжайық ауылының тұрғыны Ақылбаев Ержан Құмарбекұлымен ғимарат мәселесі бойынша аудан әкімі арнайы жеке сөйлесетінін жеткізді. Ал Астана қаласынан тікелей эфир арқылы қабылданған Есбосынов Азамат Құрманбекұлына Әділет Нұрсағатұлы қолдан келген көмекті жасайтынын айтты.
8 тамыз күні кітапхана ғимаратында аудан әкімі Әділет Қожанбаев ауданның қазыналы қарттарымен кездесті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев бастаған ақсақалдар мен ауылдық округтерден келген қариялар аудан әкімін жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ еркін форматта өткен кездесу барысында қариялар аудан көлемінде қордаланған бірқатар мәселелерді Әділет Нұрсағатұлының назарына ұсынды. Өз кезегінде аудан басшысы ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерімен алдағы уақытта да жиі кездесіп отыратынын жеткізді. Еркін пікір алысқан кездесуде Сайдрақим Файзуллин, Қайдар Асқарұлы, Калибек Дюсенбекұлы сынды қазыналы қарттар кезекпен сөз алып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды, өтініш-тілектерін жеткізді.
Толығырақ...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын аппараттық кеңес өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме және ұйым басшылары, салалық қызмет өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында жаңа тағайындалған аудан әкімі Әділет Қожанбаев барлық сала басшыларымен жеке танысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс бағыты мен жоспарларды талқылады.
- Қойнауына құт қонған, әр тасына тарих бейнеленген Көкпекті ауданына басшылық ету мен үшін зор жауапкершілік. Киелі Көкпекті топырағы мен үшін бөтен емес - кіндік қаным тамған қасиетті туған жер, алтын бесігім. Алдағы уақытта сіздермен етене жақын танысып, көнегөз қарияларымыз, алтын құрсақ аналарымызбен ақылдасып, бірге жұмыс істейміз деп сенемін. Бірінші кезекте халықтың әл-ауқаты жақсарғаны біз үшін аса маңызды. Алда үлкен міндеттер тұр. Баршаңызды туған жерімізді көркейту жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын, - деді Әділет Нұрсағатұлы.
Аудан басшысы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрғын үй коммуналды шаруашылығы және құрылыс салаларының жұмысын жүйелеу екенін атап өтті.
Дархан БЕРДІБЕК
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.