22 желтоқсанда Көкпекті аудандық кітапханасында «Жастар – болашақ энергиясы» атты дәстүрлі жастар форумы өтті, оған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысты.
Шараны аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуге жастар мәслихатының депутаттары, жастар саясаты жөніндегі мамандар және түрлі қызмет салаларында еңбек ететін жастар қатысты. Форумның мақсаты - ауыл жастарын жыл бойы белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапаттау, Жастар ресурстық орталығының 2023 жылы атқарған жұмысын қорытындылау және болашақ жоспарларын ұсыну, жас-тар саясаты мамандары мен белсенді жастармен диалог жүргізу.
11 желтоқсан күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев төрағалық еткен кеңеске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аппарат отырысының күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. 2023 жылдың соңына дейін ауданның әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және қаржы көздерінің игерілуі туралы аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин ақпарат берді. Аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев ұсынылған ақпаратпен таныса келе, жауапты тұлғаларға барлық көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қолөнер-бұл еңбекқорлық ғана емес, ол сол іспен шұғылданғаннан ләззат алу. Біз бұған талантты қолөнерші Жанна Жабекова жетекшілік ететін «жұмсақ ойыншық» үйірмесінің сабағына қатысу арқылы көз жеткіздік.
«Жұмсақ ойыншық» үйірмесі 2018 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Кейін ол балалар өнер мектебінде ашылған, ал қазіргі уақытта аудандық оқушылар шығармашылық сарайының құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта үйірмеге 16 қыз бала қатысады. Олар аптасына бірнеше рет 3 топта қолөнер үйірмесіне келеді. Оқушылардың үлкені тоғызыншы сынып оқушысы, ал кішісі небәрі 1-сыныпта оқиды.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 13 қыркүйек күні жұмыс сапарымен Биғаш ауылына барды. Сапар барысында аудан басшысы Биғаш негізгі мектебінің жағдайымен танысып, ауыл халқымен кездесу өткізді. Кездесуге округке қарасты Егінбұлақ және Биғаш ауылының тұрғындары қатысты.
Толығырақ...24 тамыз күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңейтілген кеңес отырысына аудан әкімінің аппарат басшысы, әкім орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме және ұйым басшылары, салалық қызмет өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Аппарат отырысының күн тәртібінде екі сұрақ қаралды. Ауылдық округтер кесіндісінде «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несиелер бойынша бағдарламаларды іске асыру туралы аудан әкімінің орынбасары Мақсат Сүйесінов баяндама жасады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.