Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектілік жас спортшы Аршын Кенейұлы "Astana Contender Series" MMA лигасының 14 ақпан күні өткен басты сайысында, негізгі кардта жекпе-жекте 77 келі салмақта бокс және муай тай шебері Даниил Гундамен жекпе-жекке шығып, 3 раунд бойы қайтпай айқасып, ұпай санымен жеңіске жетті.
Аршын Кенейұлы қазір 23 жаста. Жастайынан спортқа бейім болған ол студент кезінде MMA спорт түріне қызығушылық танытып, достарымен бірге жаттыға бастаған. Қазіргі таңда жұмыс бабымен Астанада тұратын ол Karabalyk teem клубында жаттығады. Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде қызмет атқаратын оның әкесі Кеней Зейноллаұлы Аршыннан үлкен үмін күтеді.

Өз тілшіміз

6 маусым күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы ел намысын республикалық және халықаралық додаларда абыроймен қорғап жүрген қос палуан – Дидар Тұқышев пен Ерзат Арғыновты қабылдады.

Кездесу барысында палуандарымыздың алдағы жоспарларымен танысып, аудандағы спорт саласының даму бағыттарын талқылады. Аудан мақтаныштары Ақсуат ауданында өтетін “Асыл бесік – Ақсуат” өнер және спорт фестивалі аясында ұйымдастырылатын қазақ күресінен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боз кілемде белдесетінін жеткізген еді.

Толығырақ...

21 мамыр күні Семейде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында өңір мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандарға «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Ерекше атап өтерлігі, аймақ өнерпаздарына алғаш рет Абай облысы әкімінің «Руханият-2025» сыйлығы табысталды. Көкпекті ауданынан ол шараға арнайы шақыртумен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің басшысы Нұрлан Болатбекұлы, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Нұрлан Қайратұлы мен хореографы Нарқыз Оспанова да қатысты. Нарқыз Елубекқызы облыс әкімінің Алғыс хатын алса, Нұрлан Қайратұлы облыс әкімінің қолынан «Руханият-2025» сыйлығын алды және 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы иегері атанды.

Толығырақ...

14 ақпан күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің базасында аудандық шаңғы жарысы өтті. Жарысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті.
Бұл жарыс спорттың қысқы түрлеріне ауданымыздың оқушыларының қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Шаңғы тебуден шеберліктерін шыңдауға ер балалар мен қыздар белсенділіктерін таныта білді. Сонымен қатар шаңғы спортына деген аудан жастарымыздың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді.

Толығырақ...

2025 жылғы Дүниежүзілік Универсиада ойындарында жерлесіміз үшінші орынға ие болды.
Биатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі, Көкпекті ауданының тумасы, жерлесіміз Кирилл Бауэр 2025 жылы Италияның Турин қаласында өткен Дүниежүзілік Универсиада ойындарында үшінші орын алды.
Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр 15 шақырымдық масс-стартта қола жүлдегер атанды. 30 спортшының арасында отандасымыз бірінші орын иеленген француз биатлоншысы Натанаэль Пекуиннен небәрі 33,8 секундқа қалып, үшінші болып мәреге жетті.
Айта кетейік, бұл Кирилл Бауэрдің халықаралық жарыстардағы алғашқы медалі.

Абай облысы әкімдігі ақпараты

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз