6 маусым күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы ел намысын республикалық және халықаралық додаларда абыроймен қорғап жүрген қос палуан – Дидар Тұқышев пен Ерзат Арғыновты қабылдады.
Кездесу барысында палуандарымыздың алдағы жоспарларымен танысып, аудандағы спорт саласының даму бағыттарын талқылады. Аудан мақтаныштары Ақсуат ауданында өтетін “Асыл бесік – Ақсуат” өнер және спорт фестивалі аясында ұйымдастырылатын қазақ күресінен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боз кілемде белдесетінін жеткізген еді.
Аудан басшысы өз кезегінде ел намысын абыроймен қорғай берулеріне тілектестігін білдіріп, алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік,6-8 маусым аралағында Ақсуат ауданында өткен “Асыл бесік – Ақсуат” өнер және спорт фестивалі аясындағы қазақ күресі бойынша Арғынов Ерзат 2-орын,Тұқышев Дидар 3 - орын алып, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Байрақты бәсекеде күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иелерін жеңістерімен құттықтаймыз. Жауырындарыңыз жерге тимесін!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.