Ауданымызда цифрлық теңсіздікті жою мақсатында жұмыстар жоспарға сай жүргізілмек. Яғни,сапалы байланысты қамтамасыз ету мақсатында жоғары жылдамдықты интернет желісін тарту жұмыстары жақын күндері бастау алмақ.
Сәуір айында аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы “Қазақтелеком” АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілдерімен кездесу өткізіп, аудан аумағындағы интернет жылдамдығын арттыру мәселесін талқылады. Кездесу нәтижесінде Көкпекті ауылында 2025 жылдың соңына дейін «GPON» технологиясы негізінде талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылатыны белгілі болған еді.
Толығырақ айтар болсақ, ауданымызда бүгінгі күні интернет жылдамдығы шамамен 8 Мбит/секунд болса, талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 150 Мбит/секундқа дейін артады.
10 маусым күні аудан басшысы Әділет Қожанбаев жобаны жүзеге асыратын мердігер ұйымның өкілі Салим мырзаны және аудандық “Қазақтелеком” бөлімінің меңгерушісі Мәди Көшербайұлын қабылдап, алдағы жұмыстардың нақты жоспарын талқылады. Жақын күндері мердігер мекеме Көкпекті ауылындағы әрбір үй мен мекемеге жоғары жылдамдықты интернет желісін тарту жұмыстарын бастайды.
Айта кету керек, бұл - Абай облысында алғаш жүзеге асырылып отырған бірегей жоба. Өзге аудандарда мұндай жоғары технология әзірге енгізіле қойған жоқ.
Бұл жаңашыл бастама өзін-өзі дамыту мен заманауи технологияларды қолдануда ауылдағы бала мен қаладағы баланың мүмкіндіктері тең дәрежеде қол жеткізуге негіз болмақ. Көкпектілік жұртшылық үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, цифрлық даму деңгейін жаңа сатыға көтереді деп сенеміз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.