Аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын бұл жолы көшпелі форматта Үлгілімалшы ауылында өтті.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралып, олардың шешу жолдары талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жоспарлары болды. Бұл бағыт бойынша аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Назир Шалбаев баяндама жасап, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы мен жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берді. Жылу беру нысандарының техникалық жай-күйі, көмір қоры мен қажетті жөндеу жұмыстарының орындалуы назарға алынды.
Келесі кезекте ауыл шаруашылығы алқаптарындағы зиянкестермен күрес мәселесі қаралды. Аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы Зульфия Жакияновна Каримова ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне қауіп төндіретін зиянкестерді анықтау және жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.