Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда инвестиция тартудың маңызы зор. Әсіресе жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызмет сапасын жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу – елді мекендердің экономикалық белсенділігін арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Көкпекті ауданында қолға алынғалы отырған жаңа жоба өңір үшін өзекті бастамалардың қатарында.
Өткен аптада аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы «Petro Retail» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша директоры Серік Ұзақбайұлы Ахметалин және QazaqOil жанармай құю станциясының менеджері Гүлнұр Қизатқызы Ермекбаеваны қабылдады.


Кездесу барысында Көкпекті ауданы аумағынан өтетін Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар автожолы бойында жаңа жанармай құю станциясын салу жөніндегі жаңа жоба талқыланды. Компания өкілдері аталған нысанның құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті жер телімін бөлу мәселесі бойынша аудан әкімдігіне ресми өтініш білдіре келді. Жоба жүзеге асқан жағдайда аудан аумағындағы жол бойы сервистің жаңа нысаны пайда болып, тұрғындар мен автокөлік жүргізушілеріне көрсетілетін қызмет түрлері кеңейе түспек.
Кездесу барысында аудан әкімі осындай инвестициялық бастамаларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
– Ауданымызға инвестиция тарту, жол бойындағы сервисті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз. Жер телімін беру мәселесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырылатын болады. Жаңа нысанның іске қосылуы жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, аудан экономикасының дамуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң ықпал етеді деп сенемін, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы сервистік инфрақұрылымның дамуы – жол қатынасының қолайлылығымен қатар, жергілікті экономиканың жандануына ықпал ететін фактор. Жаңа нысандардың бой көтеруі кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, жергілікті тұрғындар үшін еңбек етуге жаңа мүмкіндік береді.
Бастама нақты іске ұласып, Көкпекті өңірінің жол бойындағы инфрақұрылымы жаңарып, аудан экономикасының әлеуеті арта түссе, бұл – жергілікті жұртшылық үшін де, кәсіпкерлік орта үшін де оң өзгеріс болмақ.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз