17 маусым күні әкімдіктегі азаматтарды қабылдау орталығында Нұрбек Тұрсынханұлы Көкпекті ауылы әкімі және жекелеген бөлім басшыларымен бірге тұрғындарды әр түрлі мәселелер бойынша қабылдады. Бұл жолғы қабылдауға бір мәселе бойынша ерлі-зайыпты 2 адам келді. Алматыдан көшіп келген қос зейнеткер Көкпектіде орныққан баспаналарын жөндеуге қаржылай көмек алу мәселесі бойынша әкімге жүгінді.
Көкпекті аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 19 наурыздағы № 27-2 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі негізінде, келесі санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек беріледі:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
Өтініш иесі көрсетілген санаттардың ешқайсысына жатпайды, аталған Ережеге сәйкес тұрғын үйін жөндеуден өткізу үшін материалдық көмек бөлінбейді.
Дегенмен, аудан әкімі ауылдық округ әкіміне көмек көрсетудің басқа да мүмкін жолдарын қарастыруды тапсырды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.