Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 ақпан күні Көкпекті аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген аппараттық жиын өтіп, маңызды тақырыптар талқыланды. Көкпекті ауданының әкімі Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы басқарған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, "Аманат" партиясының аудандық филиалы төрайымы, аудан әкімдігінің аппарат басшысының міндетін атқарушы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Отырыста алғашқы мәселе ретінде 2026 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасының жоспарлы тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. Бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде мансап орталығының басшысы Мерей Смағұлов баяндама жасады.
Келесі кезекте аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтардың өтініш-шағымдарының орындалу барысы, сондай-ақ хаттамалық тапсырмалардың жүзеге асырылу деңгейі қарастырылды. Бұл жөнінде аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Диас Серікбеков ақпарат берді.


Сонымен қатар, елді мекендер аумағындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ауылдық округ әкімдері есеп берді.
Келесі кезекте Әскерге шақыру мәселесі бойынша Көкпекті ауданының қорғаныс істер бөлімі басшысының м.а. Рамазанов Еламан Дүсүпбекұлы шағын баяндама оқыды. Ол әскери-патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру барысында өзге бөлімдер мен мекемелерден қолдау керек екенін айтты.
Жиын соңында түрлі ағымдағы мәселелер қаралып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан әкімі аппараттық отырыста көтерілген мәселелерді уақытылы орындау және бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз