Бұған дейін әбден тозығы жетіп, ғимараттары ескіріп, халқы жөңкіле көшіп жатқан Биғаштың тіршілігі қайта жанданып, тамырына қан жүрді. Алдыңғы жылы ауыл азаматтарының бірлескен күшімен жаңа мешіт бой көтерсе, былтыр арнайы мемлекеттік бағдарламамен дәрігерлік емдеу пункті салынған болатын. Ал биыл ауыл халқын тағы бір мәрте риза қылған себеп бар. Ауылды шаттық пен қуанышқа толтыратын бала болса, ауылда бала қуашынын арттыратын ерекше құрылыс аяқталды.
12 маусым күні аудан әкімі Биғаш ауылына жұмыс сапары барысында балалар ойын алаңының ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шарада ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтап, бұл алаңды ұқыпты сақтап, күтіп ұстаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл балалар ойын алаңының бір ерекшелігі – үш жобаның біріктірілуінде: шағын футбол алаңы, стрит воркаут алаңы және ойын алаңы.
Аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы ауданымызда балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері 11 балалар ойын алаңы мен 5 футбол алаңын салу жоспарға енгізілді. Соның ішінде Үлкенбөкен, Преображенка және Теректі ауылдарында балалар ойын алаңдары жуырда пайдалануға берілді.
«Бұл игі істер – өскелең ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар. Бірлескен еңбегіміз бен қолдаудың арқасында алдағы уақытта да ауданымызда балалар үшін қолайлы жағдайлар жасала бермек»,- деді Әділет Нұрсағатұлы.
Ойын алаңының ашылу салтанатында аудан әкімінен кейін Биғаш ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Трашпаева Шолпан Темірқожақызы сөз сөйледі. Одан кейін Көкпекті аудандық полиция бөлімінің Биғаш ауылдық округіне жауапты учаскелік полиция инспекторы Ибраев Руслан Сауенұлы жаңа ашылған ойын алаңындағы әр затқа, әр құрылғыға асқан ұқыптылықпен қарап, ауылдағы тазалықты сақтауға шақырды. Қасақана қоқыс тастап, тазалық пен тәртіпті бұзған әр балаға тиісті жаза қолданылып, ата-анасына айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар Руслан Сәуенұлы жиналған балаларға жаз кезінде суға түсетін орындарға барғанда қауіпсіздік талаптарын сақтап, абай болуға шақырды. Ал ұялы телефонмен ойнаған кезде алаяқтардан абай болуды, белгісіз жандарға ата-аналарыңның жеке мәліметтерін бермеуді қатаң тапсырды. Осы сақтық шараларын айта келе, учаскелік полиция инспекторы Биғаш ауыл халқын осынау жаңалықпен құттықтады.
Жалпы Биғаш ауылында бүгінгі таңда 72 үй қалды. Аудан әкімдігінің қолдауымен Биғаш ауылы әкімшілігінің екінші қабаты жөндеуден өтті. Алдағы уақытта Әділет Нұрсағатұлы әкімдік ғимаратының ішіндегі кітапхана бөлмелерін жөндеп, жаңаша жабдықтап беруге уәде берді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.