Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі, жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның қасиетті де қастерлі мерекесі.
Жыл өткен сайын жаңғыра түскен Көкпекті ауданы аға буынға құрмет көрсету, ардагерлерді ардақтау шаралары да игі үрдіске айналған. Әсіресе, Ұлы Жеңіс мерекесінде аймақтың атқамінерлері майдангерлердің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, дидарласуды парыз санайды. Биылғы мереке аясында аудандық мәслихаттың депутаты Айша Қалибекқызы Бикатова Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Сарыбел ауылындағы тыл ардагерлеріне барып, құттықтады.
Көктем келісімен аудан округтерінде санитарлық тазалау және көркейту жұмыстары біртіндеп жандана бастады. Палатцы ауылдық округінің әкімі Бағжамал Базылағзамның ақпараты бойынша, Подгорное ауылындағы Жеңіс саябағында 40 түп қарағай, 20 қайың көшеті, 10 черемуха, 5 бұта сирени, 25 - жіп отырғызылды.
Тассай ауылында барлық сала мамандары және еріктілердің қатысуымен «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. М.Әуезов атындағы орта мектебінің жас ұстаздары Нұргүл Изгуттинова, Салтанат Далбина, Эльмира Изгуттинова, Бахыт Мазыбаева, Лаура Абикенова ауыл тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 250 дана бетперде тігіп, ауылдағы қарт адамдарға, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға тегін таратты. Ауылымыздың белсенді жастары да 70 дана бетпердені әр түрлі санаттағы тұрғындарға тегін таратып алғыстарын алды.
Толығырақ...
«Біз біргеміз!» Жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының аясында Көкжайық ауылдық округі әкімдігі ұйымдастыруымен Көкжайық ауылының тұрғындарына, аз қамтылған отбасы мүшелеріне, жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды. Аудандағы ең ірі кәсіпкер, Көкжайық ауылының тумасы Болат Бекбердинов 32 отбасыға ірі қара мал етін табыстады. Сондай-ақ бұл күні 6 отбасына азық-түлік салынған әлеуметтік пакеттер табысталды. Сонымен қатар, коронавирус ауруын алдын-алу, инфекциясынан сақтануына көмектесу, ауруды болдырмау үшін салауатты өмір салтын ұстануы мақсатында жергілікті таксис-термен де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ауылымызда наурыз мерекесі қарсаңында жомарт жандардың бастамасымен аз қамтылған отбасыларға тұрмысқа қажетті заттарды алуға көмек көрсету акциясы бастау алып, өз жалғасын табуда.
А.Нұрканова, С.Онищенко жанұясына - А.Рапеков 20 мың теңге көлеміндегі азық-түлік, Берік Еңсебаев Әсем Түкеноваға – 10 мың теңгенің азық-түлігі, округ әкімі аз қамтылған бес жанұяға – 20 мың теңге көлемінде азық-түлік табыстады.
Қабден Айдарханов аз қамтылған отбасы Бұлбұл Дюсюпованың жанұясына құны 20 мың теңге бір бас аналық ешкі берді. Ал "Айбек" шаруа қожалығының басшысы Ислам Құдайбергенов осы отбасыға 10 мың теңгені құрайтын азық-түлік корзинасын табыс етті. Бұлбұл мен жақындары өз тарапынан Қабден мен Исламдай жомарт азаматтарға және олардың отбасыларына алғыс айта отырып, амандық, бақ-береке тілейді.
Аққала округіндегі іргелі шаруашылық "Б.К.Құсайынұлы" ЖШС және "Адал" шаруа қожалығы аз қамтылған отбасылар Жанатаев, Балағазов және Абуовтардың жанұясына 50 мың теңгенің азық-түлігін тапсырды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.