Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш ауылының кіре берісіне арка орнатылды. «Биғаш» деген жазуы бар көрнекі материал металл конструкциядан жасалған. Бұл игі бастамаға мұрындық болған Биғаш ауылдық округінің әкімі Самат Кунафин. Ауыл ажарын аша түскен арканы орнатуға Биғаш негізгі мектебінің 1991 жылғы түлектері демеушілік көмек көрсеткен. Ауылдың кіре берісіне қойылған арка сонадайдан мен мұндалап, бұл ауылда қандай азаматтың дүниеге келгенін әлемге паш етіп тұрғандай. Биылғы жылы ауылдан түлеп ұшқан ауылжанды азаматтардың күшімен біраз жұмыстар атқарылуда. Туған жерді құрметтеудің үлгісін көрсеткен түлектерге ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз. Өз ауылын, туған жеріне бей-жай қарамайтын азаматтарымыздың қатары көбейе берсін.

Ауылдық округ ақпараты

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мәселесі басты назарда тұр. Әртараптандырудың бір бағыты – тұрғындарды қысы-жазы балғын көкөністермен қамтамасыз ету үшін қосалқы шаруашылық өндірісін дамыту. Көкжайық ауылындағы «Елім – ай» шаруа қожалығына «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасының ұжымы өнім жинауға көмектесті. Берекелі алтын күз келіп, піскен өнімдерді жинаудың уақыты басталды. Жиналған көкөністер мен жемістер «Бөбек лүпілі» балабақшасы тәрбиеленушілері үшін қыс уақытында берілетін болады. Балабақша асханасының ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы, ешқандай қоспасыз өскен таза өніммен толығады.

Г. Насымханова, ауылдық клуб режиссеры

Тектілер мекені Тассай өңірінде кәсібін несібесіне негіз еткен еңбекқор жандар аз емес. Солардың бірі көкөніс өсіруді әулетінің дәулетіне айналдырған қарапайым ауыл тұрғыны Біржан Түсіпбеков. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 8 қыркүйек күні Тассай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында еңбекқор жанның үйіне арнайы атбасын бұрып, ел сүйсінген азаматтың бақшасындағы көкөністерді көріп қайтты.
Әсілінде, еңбек еткен адамға алынбайтын асу жоқ екенін білсек те нақты іске келгенде қорқа-соқтап қалатынымыз жасырын емес. Кейбіреулер қолға алған істен түк шықпайтынын айтып кері шегіне берсе, енді біреулері қара аспанды қапылтып, оңай жұмыс іздеуге кірісіп кетеді. Ал, бала күнінен шаруаның ыңғайын білген Біржан болса бірден тәуекелге бел буып, үй жанындағы шағын ғана аумаққа көкөніс өсіруді қолға алған. Осылайша өзінің бақшасына және әкімшілік ұсынған 1 гектар жерге картоп, бақшасына қияр мен қызанақ егіп тастаған.

Толығырақ...

Бүгінгі таңда жер мәселесі – мемлекеттің, тұтас алғанда бүкіл қоғамның және жеке алғанда елдің әрбір азаматының мүдделерін қозғайтын ең өзекті және күрделі мәселенің бірі болып отыр.
Тассай ауылында аудан әкімінің тұрғындармен өткен есептік кездесуінде көтерілген мәселе бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ауылдық әкімшілікте өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, жер бөлімінің басшысы Қуат Алькенов және арызданушылар шақырылды. Жер мәселесі бойынша өтініш берген екі жақтың да азаматы қатысты. Сала мамандары өтініш иелері Заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмысын жүргізіп, жауаптарын берді. азаматтардың сұрақтары қанағаттандырылды.

Ауылдық округ ақпараты

15 маусым күні И.К.Федосов атындағы мәдениет үйінде Самар ауылдық округінің әкімі А. Ф. Күдербаевтың ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанындағы қызметінің қорытындысы бойынша Самар ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Отырыс басталар алдында Ахмет Фазылұлы Самар ауданының құрылған күніне арналған мерекелік іс-шараға белсенді қатысқаны үшін шаруа қожалық басшыларына, кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Атқарушы биліктің халықпен кездесуі еркін пікір алмасу, жалпы қабылданған «сұрақ-жауап» форматында өткізілді.
Тұрғындар қант тапшылығына алаңдаулы. Болғанның өзінде, баға шарықтап тұр. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Асаубаев жергілікті билік халықтың осы "тәтті" өнімге деген сұранысын қанағаттандыру үшін қандай шаралар қолданатынын және бағаның өсуін қалай тоқтатуға болатынын сұрады.
Бұл сұраққа ауылдық округ әкімі: - "Атқарушы органдарда азық-түлік бағасын көтермеу бойынша кәсіпкерлерге ықпал ету тетіктері жоқ. Олармен тікелей кәсіпкерлік бөлімі жұмыс істеп, мониторинг жүргізуі керек. Халық та шетте қалмауы керек, сатушылар мен дүкен иелеріне бағаны негізсіз көтеру туралы өз талаптарын қойып, дабыл қағуы қажет"- деп жауап берді.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз