Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11-15 қараша күндері аралығында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Бастауыш-білім бастауы» атты бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталықта мұғалімдердің пән апталығының мақсаттары мен міндеттерін барынша тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыс түрлерін таңдағанын көрсетті. Өткізілген іс-шаралар оқытудың әртүрлі әдіс тәсілдерімен, ұйымдастыру формаларымен ерекшеленді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу мен білімге деген қызығушылығын арттыру, оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Апталық аясында түрлі сайыстар, сыныптан тыс шаралар, қызықты сабақтар өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау мақсат етіледі.

Толығырақ...

20 мамыр күні Преображенка орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында өткізілген жұмыс жоспарының негізінде «Балаға үлгі көрсету» тақырыбында 2 «А» сынып жетекшісі Омаргазина А. ата-аналарға арналған сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Ата-ананың өзін - өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындығын қалыптастыру. Міндеттері: Ата-ананың балаға деген оң әсерінің мәнін ашу. Ата-ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту. Баламен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру. Бүгінгі сабақта көптеген керекті мағлұматтар берілді. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі, бала өмірінде, үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту. Бала- әр жанұяның бақыты. Қорыта айтқанда ата-ананың махаббаты, сүйіспеншілігі, бала үшін бақыт. Жиын соңында, ата-аналар, өз пікірлерін, ортаға салып, алғыстарын айтты.

Преображенка орта мектебінің ақпараты

Биыл Кеңес әскерінің соңғы солдаты Ауғанстан жерінен шыққанына 35 жыл толды. 1979 жылы басталған соғыс адамзат тарихындағы ең ұзақ қақтығыстардың бірі ретінде қалды.
Мереке қарсаңында А.С.Пушкин орта мектебі директорының ұйымдастырумен Ауған соғысының ардагері Пархоменко Владимир Николаевичті мерекемен құттықтады. Мектеп директоры Кажиакберов Ринат Араратұлы және АӘТД пәні мұғалімі Жотабаев Даулет Ахметкалиұлы жоғарғы сынып оқушыларымен бірге ардагердің шаңырағына барып кездесу ұйымдастырды. 110 айға созылған осы қиын кезеңдегі жанқиярлық ерлігі үшін алғысын білдіріп, жастар үшін нағыз үлгі екенін және мұндай шаралар жас патриоттарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Толығырақ...

«ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын...акциясы аясында Шәріптоғай негізгі мектебінің оқушылары «Еріктілер» бағытымен акцияны қолдау үшін ардагерге барып үй шаруашылығына болысып қайтты.
Жеке шаруашылығындағы, аула маңайын, үйдің аумағын егде жастағы тұрғындар үшін өз бетінше тазалау оңай емес. Бұл ретте Шәріптоғай негізгі мектебінің аға тәлімгері З.Насибуллинаның ұйымдастыруымен мектеп еріктілері «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын...акциясы аясында зейнеткерге қар тазалау жұмысына қолғабыс етті.
Бұл шараның мақсаты болашақ ұрпақ бойында үлкенге мейірімділік, қамқорлық, жақсылық, бiрлiк сезiмдерiн ояту.
Қайырымды іс жасаған жастарға қария алғысын айтып, батасын берді.

Шәріптоғай негізгі мектебінің ақпараты

13 желтоқсан күні Көкпекті аудандық әкімдігі алаңында кезекті брифинг өтті, оған Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мазыбаев пен БАҚ өкілдері қатысты. «Tolagai_news» ақпараттық порталының тікелей эфирі барысында брифинг қонағы Ержан Құдайбердіұлы Тассай ауылдық округінде ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, тілшілердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Брифингті модератор Аяжан Амантайқызы жүргізіп отырды. Кіріспе сөзден кейін Ержан Мазыбаев өзінің қысқаша баяндамасын ұсынды.
-Тассай ауылдық округі аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер аумағы 132 811 га құрайды. Округте аула саны 303. Халық саны 1083 (былтырғы жылы 1110 адам) адамды құрайды. Оның ішінде экономикалық белсенді халық 579 адам, 16 жасқа дейінгі балалар 305, қалған 226 зейнеткерлермен мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар. Негізінен округ тұрғындары мал шаруашылығымен және Зайсан көлінің жағалауында орналасқандықтан балық аулаумен шұғылданады.
Ауыл шаруашылығы

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз