"Абай атындағы мектеп- балабақша кешені"КММ бітіргендеріне 50 жыл толған түлектер өздерінің алтын ұя мектебіне деген құрметі мен шынайы алғысын білдіріп, мектепке спорттық доптар мен акт залға кілем сыйға тартты. Бұл – туған мектебін ұмытпай, білім нәрімен сусындатқан қара шаңырағына қолдау көрсетудің, кейінгі ұрпаққа жанашырлық танытудың жарқын үлгісі. Осындай игі бастама арқылы ардақты түлектер мектепке деген сағынышын білдіріп қана қоймай, оқушылардың спортпен шұғылдануына және мектеп өміріне өз үлестерін қосты.
Құрметті 50 жылдық түлектер!
Сіздерге мектеп ұжымының атынан шынайы алғысымызды білдіреміз! Туған мектебіңізге жасаған сый-сияпаттарыңыз игілікке жарап, шәкірттеріміздің игілігіне қызмет етсін! Алтын ұяға деген құрмет – ұрпаққа көрсетілген өнеге!
Үлгілімалшы ауылдық округі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.