Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің 40 жыл, 25 жыл және 10 жыл бұрын бітірген түлектері мектептеріне деген шынайы құрмет пен жанашырлықтың жарқын үлгісі ретінде сый тарту етті. Айта өтсек, 40 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері 100 000 теңгеге абаттандыру мен көгалдандыруға арналған құрылғыларды тарту етті.
Сонымен қатар 25 жыл бұрынғы түлектеріміз ағылшын тілі пәні кабинетін заманауи талапқа сай ету мақсатында 65 000 теңге тұратын жалюзи сыйлап, ыстық ықыласын білдірсе, мектебіміздің түлегі Хикматуллина Зухра 50 000 теңгеге құнды қабырға стендін тарту етті.
Ал мектебіміздің 10 жыл бұрынғы түлектері мектеп ұяларына деген ыстық ықыластарын білдіріп, құны 500 000 теңге тұратын заманауи музыкалық аппаратураны сыйға тартты. Бұл түлектеріміз тарапынан зор құрмет пен үлгілі азаматтықтың көрінісі.
Құрметті білім берген ұяларына сый тарту еткен барлық түлектер мектебіміздің дамуына, көркеюі мен жаңаруына қосқан шынайы қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Бұл – сіздердің перзенттік борышты адал атқарып, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсеткен игі істеріңіздің дәлелі. Жақсылықтарыңыз еселеніп, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт және толағай жетістіктер тілейміз! Істеріңіз ілгері, жолдарыңыз ашық болсын! Жас ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді, сіздермен мақтанамыз!
Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің ақпараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.