Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің ауданда талантты өнер иелерін анықтап, мәдени рухты көтеру мақсатында жылдан- жылға көркемөнерпаздар байқауы дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатады.
Жуықта Самар ауылында Көкпекті ауылдық округ бо-йынша көркемөнерпаздар байқауының «Қазақстанның көк туы желбірей берсін» атты концерті өтті. Биылғы өнер байқауының тақырыптық аумағы да кең екен. Біз куә болған ауылдық округіндегі көркемөнерпаздар байқауы Алашорда қозғалысының 100 жылдығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері және Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналды.

Толығырақ...

Дзю-до – жекпе-жектің әлемдегі ең танымал түрі және айналысушылардың саны бойынша көш бастап тұрған спорттың бірі. Осы күрестің отаны – Жапонияда дзю-догиді (дзю-домен айналысуға арналған киім) үстерінен тастамайтын сегіз миллионға жуық адамды кездестіруге болады. Ең алғаш Кодокан храмындағы алғашқы дзю-до мектебін ашқанда осы күрестің негізін қалаушы Дзигоро Каноның небәрі тоғыз шәкірті болған екен. Содан бері жаһан бойынша дзю-дошылардың саны үш миллионға ұлғайған.
Дзю-До (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол) – жапондардың ұлттық күрес ойыны. 19 ғасырдың аяғында джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Кейін келе, Олимпиада ойындарына енгізілген бұл спорт түрі Қазақстанда 20 ғасырдың екінші жартысынан бері дамып келеді.

Толығырақ...

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы, спорттың бокс түрінен былғары қолғап шебері Өжет Қайырбек жерлестері мен жаттықтырушысын табыс-тарымен қуантып жүр. Наурыздың 15-19 аралығында Аягөз қаласында өткен рес-публикалық турнирде жүлделі ІІІ-орынға ие болды. 2001-2002, 2003-2004 жылдар туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеңімпаздары Қасымов Мақсат пен Кешкілов Мейіржанды еске алуға арналған турнирда 60кг салмақ дәрежесінде былғары доп түйістірген Өжет бабында екенін тағы бір дәлелдеді.

Толығырақ...

Өткен сенбі 8 сәуір күні аудан орталығындағы іргелі білім ордасы Көкпекті орта мектебінің спорт залында 2000 жылы туылған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар құрамалары арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Аталмыш турнир ауданымыздың төл тумасы, әуесқой спортшы Петр Дмитриевич Ушаковтың өмірден өткеніне 5 жыл толуына орай, еске алуға арналды.
Волейбол жарысына Семей қаласы, Абай ауданы, Самар ауылы, Үлкенбөкен ауылы және Көкпекті ауылынан келген құрама командалар бақтарын сынады. Спорттық формадағы допша секірген жасөспірім спортшыларды көргенде еріксіз көңіліңіз тоғайып, ризалық сезіміне бөленесіз. Осындай салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ көбейе берсе игі.

Толығырақ...

«Жақсының жақсылығын айт, өркені өссін» демекші, өткен аптада Көкжайық ауылында тағы бір қуанышқа толы іс-шара өтті. «Елім-ай» шаруа қожалығы басшылығының ұйымдастыруымен аталған ұжымның жұмысшыларына арналып, Наурыз мерекесіне орай мерекелік дастарқан жайылып, құран-хатым оқылып, ас берілді.
Жыл сайынғы дəстүрге айналған шараға «Елім-ай-Көкпекті» ЖШС басшысы Болат Миғражұлы Бекбердинов арнайы келіп қатысып, ұжым жұмысшыларын аталмыш мерекемен құттықтап, аталған ұжымға еңбегі сіңген Уызбек Махмұтұлы Абильмажинов, Серік Мұстафин, Болатжан Садықов жəне Амангелді Қазымбаев сынды ардагер жұмысшыларға шапан жауып, құрмет көрсетті. Әр жұмысшыға арналған бағалы сыйлықтар жəне қаржылай сыйлықтарды ұсынып, алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңында барлығы "Бөбек лүпілі" балабақшасы ұжымының шағын мерекелік концертін тамашалады.

Н.Жұмабекқызы, жастар ісі
жөніндегі маман

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз