Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен сенбі 8 сәуір күні аудан орталығындағы іргелі білім ордасы Көкпекті орта мектебінің спорт залында 2000 жылы туылған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар құрамалары арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Аталмыш турнир ауданымыздың төл тумасы, әуесқой спортшы Петр Дмитриевич Ушаковтың өмірден өткеніне 5 жыл толуына орай, еске алуға арналды.
Волейбол жарысына Семей қаласы, Абай ауданы, Самар ауылы, Үлкенбөкен ауылы және Көкпекті ауылынан келген құрама командалар бақтарын сынады. Спорттық формадағы допша секірген жасөспірім спортшыларды көргенде еріксіз көңіліңіз тоғайып, ризалық сезіміне бөленесіз. Осындай салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ көбейе берсе игі.


Аудандық дене шынықтыру және спорт, білім беру бөлімі спорттық шараны ұйымдастыруда белгілі мақсатты көздейді. Ол жасөспірімдер арасында волейбол спортын насихаттау, әйгілеу, аудан құрамасын жинақтау үшін үміт күттіретін спортшыларды анықтап, СӨС қалыптастыру. Осылайша кубок, жүлдені жеңіп алу, шеберлік пен көз ілеспес шапшаңдық, қырағылық пен жанқиярлық сарапқа түскен дода басталып та кетті.
Мектеп спортзалы жанкүйерлерге, атап айтсақ, Петр Ушаков марқұмның туыстары, достары, әріптестері және қонақтарға толы. Зал қабырғасында оның үлкейтілген портреті ілінген. Өзінің ақкөңілділігімен, қайырымдылығымен жақындары мен достарының, жерлестерінің есінде жарқын бейнесін қалдырған П.Ушаков жайында айта кеткен орынды болар. Жан жары Наташа Ушакованың айтуынша, Көкпекті ауданының төл тумасы Петя Қарағандыкөл ауылынан Шмидт атындағы орта мектепті 1980 жылы тәмамдаған. Үлкенбөкен ауылында кәсіптік-техникалық училищеден жүргізуші мамандығын алып шығады. Жүргізушілік мамандығын ғұмырына серік еткен еңбексүйгіш азамат 2012 жылы ақпанда жолда келе жатып қайтыс болады. - Жоқ. Жол апаты емес. Түн ішінде Көкпектіге таяу Байбурадан өтіп келе жатады. Ол өзінің денсаулығы нашарлап бара жатқанын сезген бойда жанында отырған екіқабат әйелдің өмірін сақтап қалу үшін көлікті тез тоқтатып үлгереді. Сөйтіп, өзі жан тапсырса да, ол екі бірдей адамға өмір сыйлап кетті, - дейді Наташа өкініштен жанарына толған жасын жасыра алмай.
Ол мектеп жасынан бастап, бүкіл өмір бойы спортпен шұғылданып, жеңіл атлетика, волейбол, футбол ойнауды жақсы көрген. Петр Ушаков тіршілігінде спорттық жарыстарға қатысып, қаншама наградалар мен грамоталарға қол жеткізген, аудан, облыс көлемінде әйгілі спортшы болды. Сол үшін де оның сүйікті ісі өскелең ұрпаққа үлгі етуге тұрарлық.
Наташаның айтуынша, артында қалған екі ұлы Дима мен Олег те әке жолын қуған. Әсіресе, Олег спортты өміріне серік етуде.
Волейбол жарысының қорытындысында ұлдардан ІІІ-орынды Үлкенбөкендік құрама қанжығалап, 10000 теңге ақшалай сый алды. Жүлделі ІІ-орын және 15000 теңге Семей құрамасына тиді. І-орынға тағайындалған кубок пен 25000 теңге сыйақыны Самар БЖСМ құрамасы қоржынға салды. Ал, қыздардан ІІІ-орын, 10000 теңге ақшалай Семей құрамасына берілсе, ІІ-орынды Абай ауданы құрамасы жеңіп алып, 15000-ға ие болды. І-орын кубогі мен 25000 теңгені тағы да Самар құрамасы қолдан бармеді. Жарайсыңдар, самарлықтар! Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ұйымдастырушы» аталымдарына ие болған жас спортшыларға 2000 теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды. Жеңіске жеткен командалар Мақтау грамоталарына ие болды. Еске алу салтанатында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері шағын концерттік нөмірлер ұсынып, шараның мәнін арттырды. Жан-жақтан келген жасөспірімдерді бір бірімен табыстырып, жарыстыруға, тегін түскі аспен қамтамасыз етуге қаржылай демеу көрсеткен П.Ушаковтың туған-туыстары, дос-жолдастары, оны құрмет тұтатын барша көкпектіліктерге марқұмның рухы разы болған шығар...

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз