Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

16 Сәуір 2017

СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ӘДЕП КОДЕКСІ - ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ҚҰЖАТ

2016 жыл еліміздің сот саласы үшін судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданған жыл ретінде тарихта қалатыны анық. Аталған кодекс 21 қараша 2016 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен судьялардың кезектен тыс VII съезінде қабылданып, қолданысқа енгізілгені баршамызға белгілі. Аталған кодекс 15 баптан тұрады. Қоғам дамуы алға ілгерілеген сайын судьяның біліктілігіне деген талаптың жоғарылауы - бұл заман талабы. Жаңа кодекс судьяның біліктілігіне ғана емес, кісілік келбеті, адамгершілік, моральдық бейнесін нығайтуға үлкен көңіл бөледі. Судьялар біліктілігі, оның адамгершілігі, моральдық-этикалық болмысы бәрінен жоғары тұруы қажет. Судьялар өз қызметі барысында қабылдаған антына берік, қызметінде адал, шешім шығару барысында ешкімнің заңсыз араласуына жол бермеу керек. Сонымен қатар, аталған кодекс нормаларын, қызмет атқаратын судья ғана емес, доғарыстағы судьялардың да орындауы қажет. Судьялар соттан тыс жағдайда, жеке қарым-қатынастағы тәртібіне аса көңіл бөлуі қажет. Сот процесінен басқа, сотқа қатысушылармен процессуалдық емес қарым-қатынастар жасамау, сот барысы туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жария етпеу сияқты заңсыз әрекеттер жасаудан аулақ болу қажет.
Сол ерте кезде айтылған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қанатты сөздің қанша уақыт өтсе де әлі күнге дейін өмір талабы екені даусыз.
Сондықтан, заман талабына сай қарапайым халықтың құқықтарын заңмен қолдаушы, ел қамын ойлайтын, ел азаматы болуға тырысайық.

Н.Жаныбекова, Көкпекті аудандық сотының судьясы

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз