Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

04 Сәуір 2017

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ

Жарысты ұйымдастырып отырған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Мұқашевтың да көздеген мақсаты ардагерлер арасындағы достық қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болатын. Жайдары көңіл-күй мен жолдастық түсіністік орнаған ортада өз тапқырлықтары мен ой орамдылықтарын, мидың жаттығуын ойынға бағыттаған басқосуға Көкпекті, Самар, Үлкенбөкен, Биғаш ауылдарынан 14 ардагер келіп бақ сынасты. Әрине, жарыс болғаннан кейін ол жерде жеңімпаздар мен жеңіліс тапқандар болатыны заңдылық. Бұл жерде жеңімпаз атану басты мүдде емес, көптен кездеспеген достардың жүздесіп, амандық сұрасуы ма-ңыздырақ еді.
Осылайша, дойбыдан ІІІ-орынды Биғаш ауылынан О.Мұ-сатаев, ІІ-орынды үлкен-бөкендік А.Ахатов, І-орынды биғаштық С.Қылаубаев жеңіп алды. Шахматтан ІІІ-орын Самар ауылынан Ж.Мамырбаевқа бұйырса, ІІ-орын Көкпектілік Т.Қайырхановтың үле-сіне тиді. І-орынға Көкпекті ауы-лының зейнеткері В.Тупицын қол жеткізді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз