Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 Сәуір 2017

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – АДАМЗАТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Ветеринария, мал дәрігерлік қызмет мал шаруашылығында маңызды орын алады. Өйткені, саланың дамуы осы қызмет түрімен тікелей байланысты. Бұл сала Елбасының тұрақты назарында, қамқорлығында. Қала мен ауылды асыраушы болып табылатын саланы мемлекет тарапынан қолдау тиісті дәрежеде жүзеге асырылып отыр.
Өткен аптаның сәрсенбісі күні Халықаралық эпизоотиялық бюроның келуіне байланысты, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген семинар-кеңес болды. Семинарға-кеңеске аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, ветеринария бөлімінің басшысы Е.Төлешов, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Сәрсенбаев, «Көкпекті мал дәрігері» КГП директоры К.Терин, Республикалық ветеринарлық зертханасы Көкпекті аудандық филиалының директоры Ж.Бауедимов және ауыл әкімдері, округтердегі ветеринар мамандар қатысты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз