Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дзю-до – жекпе-жектің әлемдегі ең танымал түрі және айналысушылардың саны бойынша көш бастап тұрған спорттың бірі. Осы күрестің отаны – Жапонияда дзю-догиді (дзю-домен айналысуға арналған киім) үстерінен тастамайтын сегіз миллионға жуық адамды кездестіруге болады. Ең алғаш Кодокан храмындағы алғашқы дзю-до мектебін ашқанда осы күрестің негізін қалаушы Дзигоро Каноның небәрі тоғыз шәкірті болған екен. Содан бері жаһан бойынша дзю-дошылардың саны үш миллионға ұлғайған.
Дзю-До (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол) – жапондардың ұлттық күрес ойыны. 19 ғасырдың аяғында джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Кейін келе, Олимпиада ойындарына енгізілген бұл спорт түрі Қазақстанда 20 ғасырдың екінші жартысынан бері дамып келеді.


Көкпекті ауданында кенжелеп қалған дзю-до күресінің тамырына 2016 жылдың қазан айынан бастап қан жүгіріп, Көкпекті ауылындағы №1 БЖСМ-де жаттықтыру жұмыстары жүргізіле бастады. Аягөздің тумасы Семей қаласында тұратын жас дзю-дошы Өскен Төлеубеков жаттықтырушы болып келгелі қарқын ала бастаған күрестен жарыстарға қатысқан оның шәкірттері жақсы нәтижелер көрсетуде.
- Көкпекті дзюдошыларының үлкен жарыстарға қатыса бастауы, біздің спортшыларымызға өз жемісін бере бастады. Біздің алғаш жетістігіміз ретінде Семей, Өскемен, Ақсуат тағы басқа көптеген орындарда өткен аудандық, облыстық, республикалық кең көлемді турнирларға қатысып бақ сынаған шәкірттерімнің жеңістерін айта аламын. Олар сенімді ақтады, жерге қаратқан жоқ. Атап кетсем, Әлижан Тлеуханұлы ІІІ-орын, 46 кг, Әділ Амангелді І-орын, - 42 кг, Аружан Қайыпжан ІІ-орын, 52 кг, Ажар Сләмханова ІІІ-орын, ??кг, Алдияр Танысбаев ІІІ-орын, 42 кг, сонымен қатар, Дастан Алатаев, Бекжан Есмұханбетов, Сұлтан Тасқайратов, Санжар Салимов, Жібек Меделбекова сияқты шәкірттерімнің барлығы үнемі жүлделі орындарға қол жеткізді. Осы жетістіктері арқасында барлығы да ІІІ-дәрежелі спорттық разряд, аз уақыт ішінде жиыны 40 шақты медель алып, аудан спортына үлкен үлес қосуда, - дейді аталмыш күрестен спорт шебері Өскен.
Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжін» тәмамдаған бар жоғы 22 жастағы жаттықтырушы Өскен Төлеубаев бүгінде «Спорт және туризм Академиясында» сырттай білім алуда. Дзю-до күресінен Қазақстан Республикасы құрама командасында өнер көрсетіп, талай республикалық, халықаралық байрақты жарыстарға қатысқан жас спортшы 2015 жылы Еуропа кубогін жеңіп алды. Дзю-до және Самбо күресінен спорт шебері. «Мен бағындыра алмаған биіктерді солар алса деген мақсатым бар. Сондықтан да, өзім үйренген, көрген тәсілдерді шәкірттеріме үйретіп, оларды баптауға бар күш-жігерімді жұмсаудамын. Қазіргі таңда отбасыма қолдау көрсету үшін, № 1 БЖСМ-де жұмыс істеп жүрмін. Келешекте 2020 жылғы Токио Олимпиадасында бақ сынап көрейін деген арманым да бар», - дейді талабы таудай бапкер жігіт.
Талабыңа нұр жаусын, жас Өскен! Өзіңе ұқсаған және сенен асып түсетін шәкірттерің көп болсын дейміз!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз