Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Астана ЭКСПО-2017 – ең алдымен, ха-лықаралық мамандандырылған көрме. Мұнда тек Қазақстанның мәдениеті мен өнімі ұсынылмайды. ЭКСПО-ға мүше барлық елдер (160 мемлекет) тақырыпқа сай өз өнімдерін тарту етеді. Бұл науқанның Қазақстанға берері көп.
Мәселен, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технология-лар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта,

қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағамдаймыз. ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді. Шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру, басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай, 3 айлық науқан кезеңінде Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады. Көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқаратыны рас. 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе.
Басталатын уақыты жақындаған сайын әр қазақстандықтың қызығушылығын арттыра бастаған ЭКСПО-ға Көкпекті ауданының бірқатар ауылдарында қалталы азаматтардың Наурыз мерекесіне орай билеттерді ауылдастарына сыйға тартқаны аса қуантарлық және тәлім алар жайт.
ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындық жайындағы аудан әкімінің орынбасары А.Әкімованың төрағалығымен өткен ауыл әкім-дері, мектеп директорлары және басқа да қоғам-дық ұйымдар өкілдері қатысқан жиынға туроператорлар бригадасы келіп, ұсынылатын қызмет түрлерін ортаға салды. Туризм Басқармасының ұсынуымен «ТОГАС-ИНТУРСЕРВИС» туристік фирмасының өкілі Ольга фирманың тарихымен таныстыра келе, 1 және 2 күндік қызметтер және олардың бағалары 13000 теңгеден жоғары екендігі туралы мәлімет беріп, мекенжайы, қызмет түрлері толық жазылған брошюралар үлестірді. Оған мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7222) 56-63-68, 8 778 180 7077, 8 747 551 3077, 8 775 722 6493. Сондай-ақ, «БАРИКА» ЖШС туристік фирмасы өкілі Мира фирманың Көкпектіден және Семейден 24000 теңгелік 1 және 2 күндік (ЭКСПО билетінің құны кірмейтін) жолсапар жайын түсіндіріп өтті. Байланыс телефондары арқылы нақтырақ білуге болады: 8(722) 56 62 69, 8 777 851 35 00. Турфирма қызметін алуға қажетті шарттар: бір жерден 45 адамның жиналуы, туроператордың бастауымен және бір көмекші, бір медицина қызметкері, бір инс-пектор тегін бара алады. Балаларға билет құны 50% жеңілдікпен сатылады.
Өз елімізде өтетін тәрбиелік, танымдық маңыздылығы зор көрмені көру бір бақыт деп білетін тұрғындар, билет сатып алуға немесе оны жақындарыңызға сыйлауға асығыңыздар!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз