Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданындағы Балалар өнер мектебінің акт залында мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына арналған «Жұлдыз-ай» респу-бликалық фестивалінің алғашқы іріктеу кезеңі өтті. Оған ауылдық округтер бойынша 18 бала қатысты.
Фестивальдің мақсаты даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер бойында әлеуметтік белсенділікті, шығармашылық қабілеттерін дамыту, фестивальға қатысушы әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетінің қалыптасуына және ашылуына қолдау көрсету болып табылады. Көкпекті аудандық білім беру және денешынықтыру, спорт бөлімі, Балалар өнер мектебінің қолдауымен өтіп жатқан шараның іріктеу турына қатысқандар - аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары. Бұл кезеңде балалар хореография, вокал, аспапта орындау,

бейнелеу өнері бойынша жарысты. Олардың өнерлеріне әділ бағаларын берген әділқазылар Ш.Таныбаева, А.Шарифулина, З.Тұрлыбаева және Г.Оразғалиева болды. Іріктеу кезеңінің соңында қатысушыларға мадақтама қағаздар және Көкпекті ауылындағы жеке кәсіпкер Рауфа Беспаеваның демеушілігімен тәттілер мен сыйлықтар тапсырылды.
Балалардың өнері бір-бірінен асып түседі, дегенмен де солардың ішінде әлеуметтік орталықтың тәрбиеленушілері Виктория Бровко, Кирилл Бойченко, Маржан Әлбекова және №1 Самар орта мектебінің оқушысы Лидия Меццель, Бастаушы ауылының Абай атындағы орта мектептен Дінислам Ғаббасов, педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің оқу-шысы Расул Жанбаев, Көкпекті орта мектебінен Дильнара Мұратовалардың өнерлеріне көргендер тәнті болды.
«Жұлдыз-ай» фестивалі - бұл балалардың және шығармашылықтың, жан жылуы мен достықтың, мейірімділік пен шынайылықтың, дарындылық пен оптимизмнің мерекесі. Өйткені, ерекше балалар үшін айналадағы адамдардың махаббаты мен жылылығын сезіну өте маңызды!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз