Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланыс-ты ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ал осынау қастерлі мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген жұртшылықтың алғысы, ризашылығы шексіз.

Толығырақ...

Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал, біз өмір сүріп отырған ғасыр – білім кеңістігіндегі бәсеке ғасыры, «білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң» екенін мойындап, өркениетке, ғылымға бет бұрған кезең. Бұл орайда ұстаздарға бәсекеге сай білімді ұрпақ даярлау дейтін үлкен міндет жүктеліп отыр. Осы міндет үдесінен шығуда қандай жұмыстар жүргізіліп отырғаны туралы Көкпекті ауданының білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен сұхбаттасқан едік.

Толығырақ...

2017 жылғы 13 қыркүйекте Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Екі жұлдыз» ән байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты балаларды белсенді шығармашылыққа тарту. Талантты орындау-шыларды анықтау.
Байқауға қызмет алушылар өз тә-лімгерлерімен бірге қатысты: 1-жұп Т.Қанағатов - Г.Елеусізова, 2-жұп Д.Мұратова - А.Ыдырышева, 3-жұп Т.Сәлімжанов - Л.Титова, 4-жұп А.Мұхамадиева - Ж. Әке-жанова. 5-жұп А.Дюсупов - Н.Ауғанбаева, 6-жұп М.Баймұқанов - Ж.Қайрақбаева жұп-тасып, өздерінің өнерлерін сахна төрінде паш етті. Сайыс қатысушылар үшін өте көңілді, қызықты болды. Байқаудың қонағы Бос уақыт орталығының жас әншісі Тоқтарбек Заманбеков музыкалық сәлемін жолдады.

Толығырақ...

Биыл заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай, Көкпекті ауданы Тассай ауылындағы М.Әуезов атындағы білім ордасында «Әуезов әлемі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция болды. Бұл жиынға аудан мектептерінен оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілері келіп қатысты.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 31 тамызы күні Самар ауылының мәдениет үйінде педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Аталмыш конференцияда 2016-2017 оқу жылының қорытындысы, жаңа оқу жылына бағдарламасы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту мен басым міндеттері айтылды.
Форумға аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, мектеп директорлары және ұстаздар қатысты. Салтанатты іс-шараның шымылдығы мектеп оқушыларының ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған әдеби-көркем қойылымымен ашылды. Кеңесте аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова өз баяндамасында аудан педагогтарының білім беру ісінде және өскелең ұрпақты тәрбиелеу үрдісіне қосқан үлестерін атап айтты.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз