Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2017 жылғы 13 қыркүйекте Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Екі жұлдыз» ән байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты балаларды белсенді шығармашылыққа тарту. Талантты орындау-шыларды анықтау.
Байқауға қызмет алушылар өз тә-лімгерлерімен бірге қатысты: 1-жұп Т.Қанағатов - Г.Елеусізова, 2-жұп Д.Мұратова - А.Ыдырышева, 3-жұп Т.Сәлімжанов - Л.Титова, 4-жұп А.Мұхамадиева - Ж. Әке-жанова. 5-жұп А.Дюсупов - Н.Ауғанбаева, 6-жұп М.Баймұқанов - Ж.Қайрақбаева жұп-тасып, өздерінің өнерлерін сахна төрінде паш етті. Сайыс қатысушылар үшін өте көңілді, қызықты болды. Байқаудың қонағы Бос уақыт орталығының жас әншісі Тоқтарбек Заманбеков музыкалық сәлемін жолдады.


Байқау қорытындысы бойынша келесі кезеңге Тілеухан Сәлімжанов өз тәлімгері Лариса Титовамен өтті. Келесі кезең Семей қаласында өтеді. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді. Келесі кезеңге қатысушыларға сәттілік тілейміз!


Көкпекті ауданының арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығының ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз