Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланыс-ты ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ал осынау қастерлі мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген жұртшылықтың алғысы, ризашылығы шексіз.


Осындай асыл мамандық иелерінің төл мерекесіне орай жұма күні Көкпекті аудандық мәдениет үйінде «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов өз құттықтау сөзінде:
- Дүниеде алуан түрлі кәсіп бар. Олардың барлығы қоғам өмірінде маңызды орын алады. Дегенмен солардың арасында бір мамандықты ерекше атаған жөн. Ол – ұстаз мамандығы. Өйткені ғалым да, кәсіпкер де, дәрігер де ең алдымен ұстаздан білім мен тәрбие алады. Жас ұрпақтың дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді,тәрбиелі тұлға ретінде қалыптасуы – ұстазына байланысты. «Ел болашағы – білімді ұрпақта» деген Елбасымыздың сөзін басшылыққа алып ауданда білім саласына ерекше қамқорлық жасалып келеді. – деді аудан әкімі.
Биылғы дәстүрлі мұғалімдер күні мерекесін аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлері өзіндік жетістіктерімен қарсы алып отыр. Сол себепті аудан әкімі алғашқы марапаттау рәсімін Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафиноваға «Ы.Алтынсарин атындағы» төс белгісін тағу және аудандық білім бөлімінің облыстық білім беру басқармасынан алған «Үздік орта білім жүйесі-2017» аталымы бойынша алған дипломымен марапаттаудан бастады. Рамиль Нығметжанұлының мерекелік құттықтау сөзінен соң еліне танымал пайдалы тұлғаларды тәрбиелеуде еңбегімен көзге түскен ұстаздарды аудан әкімінің мадақтамасымен марапаттады. Олар, Т.Мазыбаева (Көк-пекті ОМ), С.Смаилова (Амангелді ОМ), Г.Қасенова, Б.Ахметқалиева (Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), Н.Устьянцева (Балалар өнер мектебі), ал аудан әкімінің Алғыс хатымен Ф.Матышева, Г.Сыдықова, (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені), Л.Ященко, Л.Жүнісова (Мариногорка ОМ), Р.Байкубинова (Абай атындағы ОМ), Ш.Салдырғазина (Көкпекті ОМ), Е.Кәрібаев ( Көкпекті БЖСМ директоры), Е.Нұхаев (Самар БЖСМ директоры), Н.Исенов (Самар аграрлық-техникалық колледж директоры) ие болды.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев аса жауапты мамандық ұстаздар қауымының ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріне ерекше тоқталып, бір топ мұғалімдерге Ж.Азина (Преображенка ОМ), Б.Карменова (Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), Б.Ғабдулина (Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ), Н.Қаражігітова (Көк-пекті ОМ), Г.Жақашева (Амангелді ОМ), А.Нұриева (Казнаковка ОМ), В.Кута-теладзе (Самар №1 ОМ), М.Мамыр-беков (Раздольный НМ), Л.Маткаримова (Абай атындағы ОМ), Г.Апсалямова (Көкпекті ОМ), Ш.Тыныбаева (Балалар өнер мектебі) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен ШҚО білім саласындағы бақылау департаментінің Құрмет грамотасын табыстады.
Сонымен қатар, аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафиноваға сөз беріліп ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткішке жеткен және пәнаралық олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздар Ж.Сыдықова, А.Шұлғаубаева, Г.Сарбасова, С.Құсайынова, Ф.Темір-ғалиева, (Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), А.Егеубаева, Л.Бол-товская, С.Солтанғұлова (Үлкен-бөкен мектеп-балабақша кешені), Д.Мер-генчинов, Қ.Мұқатаева, (Ж.Шай-жүнісов ОМ), А.Агзанова, Л.Баспакова (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені), Г.Мұхамбетова (Көкжота ОМ), Г.Сарбасова (Новотимофеевка ОМ), А.Аманова (№1 Самар ОМ), М.Қапасова (М.Әуезов атындағы ОМ), З.Тұрлыбаева, Б.Шекенова (Балалар өнер мектебі), А.Долдина (Октябрь мектеп-балабақша кешені), А.Аман-гелдіұлы (Казнаковка ОМ), Ж.Жадрина (М.Әуезов ОМ ), Ж.Жұмақанова (Миролюбовка ОМ), және аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскерлері Н.Кравченко, З.Раимжанова, М.Бексаинова, Г.Қаса-баева марапатталды.
Ал, облыстық кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен мектептердің кәсіп-одақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарын Ж.Бахаева (Преображенка ОМ), Б.Мазыбаева (М.Әуезов ОМ), А.Бахтиярова, М.Қалиева (Қ.Ау-хадиев атындағы ОМ), Г.Ясикова (Көкжайық ОМ), В.Губарев (Раздольный НМ), У.Тохтаров (Маринагорка ОМ) және Г.Қизатованы аудандық педагог қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Болат Құсайынов табыстады.
Жаңалыққа талпынушы ұстаздар қауымын, асыл да ардақты ұстаз-дарымызды бүгінгідей ерекше мерекелерімен құттықтауға келген Көкпекті орта мектебі оқушыларының әсем әндері мен өлең шумақтарына да кезек берілді. Әрқашан мерекелік іс-шараға атсалыса қатысатын мектеп ұжымы бұл күні де ерекше дайындықпен келіп, мерекенің ажарын аша түсті.
Салтанатты жиын ұстаздарға арнал-ған мерекелік концертпен жалғасты.

 

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз