Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнегін себеді.

Толығырақ...

Таяуда Көкпекті ауылдық округі Романовка НМ директоры Әділбек Қаусов және Шұғылбай ауылы І.Жансүгіров атындағы ОМ директоры Жұмабай Ерботин «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінен табысталған бұл марапат - көкпектілік педагогтардың халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, еліміздің дамуы жолында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі педагогикалық еңбегіне және ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіне берілген жоғары бағасы.
Аудандағы ұстаздар қауымын елең еткізіп, қуанышқа бөлеген осындай сүйінші жаңалыққа баршамыз шаттандық. Осының өзі - Ыбырай салған сара жолдың, бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын тауып жатқанының көрінісі. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин жайлы бірер сөз айта кетуді жөн көрдік.

Толығырақ...

Жылдағы дәстүр бойынша Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі білім ордасында «Сыңғырла, соңғы күміс қоңырау!» салтанатты жиыны өтті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Ондай білім беретін білім ордасы – мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат – әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.

Толығырақ...

2017 жылдың 17 мамыры күні облыстық «Абай оқулары» өтті. Көкпекті ауданы бойынша Ахмадиева Ақбота бақ сынап, І-ші орын иегері атанды. Өзінің мектебіне қабылдауға Өскемен қаласының дәстүрлі әншісі Әділ Тұрғанбаевтан Ақботаға ұсыныс түсті. Келешекте ұсынысты қабылдау Ақботаның еншісінде.

Оның алдында Көкпекті орта мектебінде өткен аудандық «Абай оқулары» байқауында Ақбота Ахмадиева білімі мен өнерін сынаққа салған еді. Біріншісі - «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», екіншісі - «Көңілім әнді ұғады», үшіншісі - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты үш бөлімнентұратынсайысқаауыл мектептерінен топ жарып келген жүйріктер бақ сынасты. Осы білім додасынан Шұғылбай ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектептен Ақбота Ахмадиева 2-ші номинация бойынша І-ші орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Облыстан да жүйрік шыққан Ақбота өзін жарысқа баптап, дайындаған жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Индира Әбдікәрімқызы Зулунованың үмітін ақтады.

І.Жансүгіров атындағы мектептің ақпараты

Көкпекті ауданындағы Балалар өнер мектебінің 2016-2017оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша 2017 жылдың 12 мамырындааудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Саз мектебі, шығармашылық үйі оқушыларының есептік концерті өтті. Қорытынды шараға өнер мектебінің ұжымы белсене қатысып, әр үйірме жетекшілері жыл бойына істеген жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.
Концерттің негізгі мақсаты - оқушылардың өнерін таныстыра отырып, қазақ халқының, туған жерінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ерлікке, бейбітшілікті бағалай білуге баулу, өнерді құрметтеуге, әр ұлттың өнерін, мәдениетін білуге тәрбиелеу.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз