Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі білім ордасында «Сыңғырла, соңғы күміс қоңырау!» салтанатты жиыны өтті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Ондай білім беретін білім ордасы – мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат – әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.


Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтардың ішінде аудан мәслихат депутаты Ж.Жотабаев, Самар селолық округ әкімінің орынбасары Г.Мәжібаева, 2014 – 2015 оқу жылында мектепті «Алтын белгі» төс белгісімен аяқтаған, қазіргі уақытта Гумилев атындағы 3 курс студенті Балым Сейтхан.
Жиын рәсімі ашылу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді.
Жиналған қауымның ортасына биыл мектеп-лицейдің табалдырығың үлкен өмірге қадам аттағалы тұрған 22 түлек шақырылды. Жас түлектерға алғаш қолдарына қалам ұстатқан ардақты ұстаздары Ғалиева Гүлжан Ержанқызы, Дюсюпова Маржан Кайынғазықызы, сынып жетекшісі Сеңгербаева Альмира Тоқтағазықызы тағы да басқа ұстаздар қастарында. Бүгінгі таңда мектептің мерейін үстем етіп, ұстаздардың ақ үмітін ақтағалы отырған екі «Алтын белгі» төс белгісіне Қамбаров Еркебұлан мен Қалиев Нұржан және екі оқушы Қабылова Жансая, Зейнуллинова Аяулым «Үлгілі аттестатқа» үміткерлері бар. «Мектебімнен нәр алып өсемін»,- демекші мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға атсалысып, пән олимпиадалардың жүлдесіне ие болған мектептің 130 үздік мақтаныш оқушылары шеру өтті. Сонымен қатар, спорт жарыстары, мектепшілік пән олимпиадасы, аудан, облыс, республика сайысының жүлдегері аталды.
Кездесу барысында, мектеп директоры Багисова Баян Қапезовна құттықтау сөзінде аудан әкімі Рамил Нығметжанұлы Сағандықовтың құттықтау хатын жолдады. – Cоңғы қоңырау мейрамы әр адамдың есінде қалатын өмірдің ең жақсы күндерінің бірі болып келеді. Бүгінгі күн ұмытылмас сәт. Болашақ, балалық шақ және мектеп жылдарымен қоштасу мейрамы. Жас түлектің жаңа өмірге жолдама алатын күні. Баршаңызды Cоңғы қоңырау мейрамымен шын жүректен құттықтайймын., - деп жолдамада атау етілген.
Биылғы жылы мектеп лицейдің алған асуы мол. Оның барлығы да озат оқушылары мен талай жүйрікті артта қалдырған спортшыларының арқасы. Сондықтан, озат оқушылары мен спортшыларының марапаттау рәсімі өткізілді. Құттықтау сөз кезегі шақырылған қонақтарға берілді: С.Жотабаев, Г.Мәжібаева, Б.Сейтхан жас түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, ансаған армандарына жетіп, сәт сапар тіледі. - Жыл са-йын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер, - деп ақ тілектерін ұлағатты ұстаз А.Сеңгербаева, ата-аналар атынан Г.Смағұловалар қостады.
Бүгінгі салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектептің мақтаныштары, 11 жыл бойы өздерін тек жақсы оқу, үлгілі тәртібімен көрсете білген, бірнеше рет мектеп, аудан намысын қорғап жүрген түлектерге берілді. Олар мектептің «Алтын кілтін» ізбасар бауырларына 10 сынып оқу озат оқушыларына табыстады. Сонымен бірге, мектеп бітіруші түлектерге «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп лицейінің Қүрметті мүшесі» атағы берілді.
Мерекелік кездесу барысында 11 сынып оқушыларына жетеклішік еткен, дәріс берген, білім нәрін сусындатқан барлық мұғалімдерді шеруға шақырды, көпшілік зор қошемет көрсетті. Оқушылар мен ата аналары атынан пән кабинеттеріне демеушілік көмек ретінде гүл шоқтарын қабылдады. Содан кейін мектеп түлектердің орындауында «Ұстазым» әні шырқалды, вальс орындалды. Би орындалып бітісімен 11 сынып оқушылары күміс қоңырауды сыңғырлатып шықты, ортаға жиналып, көгершін ұшырды.
Қымбатты біздің түлектер, жолдарың болсын, сәт сапар, ақ жол тілейміз!
Рақымғазы мен Айгүл Тоқтаровтар отбасы:
- Бүгінгі күн бәрімізге ұмытылмас үлкен мереке. Біздің немереміз Сұлтан 1 сынып оқуды өте жақсы оқып, оқу озаты болып, мадақтама және ментальді арифметика сертификатына ие болды.Барлық ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз, осындай тамаша жетістіктерге балаларымыз жете берсін, мектептің дәрежесін асқақтата берсін.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз