Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Алдыңғы аптада Көкпекті ауылындағы «Балерке» балабақшасында Наурыз мерекесіне орай, «Армысың, Әз-Наурыз» атты мерекелік кеш болып өтті. Балабақшадағы «Күншуақ», «Айшуақ», «Жұлдыз» топтары қатысты. Әр топ ауыл болып, Наурыз туралы өлеңдері мен әндерін айтып өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, ертеңгілік барысында балабақша тәрбиешілері Е.Оспанова, А.Көкенова, Д.Ақабаева, Ж. Бураханова, Н.Кө-песованың ұйымдастыруымен халқымыздың қыз қуу, арқан тарту, асық ату ұлттық ойындары ойналып, «тұсау кесу», «құда түсу» салт-дәстүрлері көрсетілді.


Мерекеге көш керуен Наурыз келіп, бүл-діршіндерге мерекелік лебізін білдірді. Жыл басы Наурыз мейрамының басты кейіпкері Қызыр бабаның қонаққа келуі бүлдіршіндерді таң-тамаша етті.
Келесі кезекте құттықтау сөз «Балерке» бала-бақшасының меңгерушісі Айнұр Алтайқызына берілді.
- Баршаңызды бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні Нау-рыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Әр жыл са-йын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Елордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін, - деді А.Назарханова.
Бұл күні ұлттық дәстүрлер мен ойындарды тамашалап, оған атсалыса қатысып, мәз-мейрам болған балақандар мерекенің басты тағамы Наурыз көжеден дәм татып, қуанышты көңілмен үйлеріне тарқасты.

А.Мұқышева, педагог-ұйымдастырушы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз