Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданындағы Балалар өнер мектебінің 2016-2017оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша 2017 жылдың 12 мамырындааудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Саз мектебі, шығармашылық үйі оқушыларының есептік концерті өтті. Қорытынды шараға өнер мектебінің ұжымы белсене қатысып, әр үйірме жетекшілері жыл бойына істеген жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.
Концерттің негізгі мақсаты - оқушылардың өнерін таныстыра отырып, қазақ халқының, туған жерінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ерлікке, бейбітшілікті бағалай білуге баулу, өнерді құрметтеуге, әр ұлттың өнерін, мәдениетін білуге тәрбиелеу.


Концерт бағдарламасының шымылдығы домбыра ансамблінің орындауындағы халық күйі «Ерке сылқыммен» ашылды (жетекшілері Б.Шекенова, Қ.Ахметқалиева, Г.Оразғалиева) Вокал үйір-месінің оқушылары Ж.Сахыпжанов, Н.Мақсұт, Н.Ермекова «Айналдым елім», «Мама», «Астана» әндерін шырқады ( жетекшісі А.Бопабаева). Сонымен қатар, вокалдық топ- «Чумачечая весна», Е.Хасенова - «Корей әні», А.Оразкен - «Туған Жер» әндер жеке дауыста айтып, тыңдарман көңілінен шықты. Вокалдық ансамбль «Бақыт деген», ал трио «Қамажай» әндерін тамылжыта салды (жетекшісі З.Тұрлыбаева). Балалар музыкалық қуыршақ театрының (жетекшілері Е.Труханова, З.Оразаева) орындауындағы«Қызыл гүлім-ай», «В сказочном доме живут чудеса» атты театрлық қойылымы, «Пчелки», «Подружки», «Шығыс», «Гуми-Бэр» билері көрерменін бір сергітіп тастады. Алиназы Әмірхан тартқан терме, домбырашылар ансамблі орындаған «Қоңыр» күйі (жетекшісі Ш.Айтмұханбетова), фортепиано сыныбының оқушылары Р.Ахтиярова, А.Зайцева «Классик шығармашылығынан попурри музыкасын», Л.Хамиди атындағы халықаралық байқаудың жүлдегері Ә.Ержанова «Балқадиша» шығармашылығын орындады (жетекшісі Н.Устьянцева), би үйірмесі (жетекшісі Е.Оспанова) оқушылары «Локо, локо», «Өзбек биі», «Үнді биі», «Жастар биі», заманауи би «Бум-бая» билері көпшіліктің қызу қолдауына ие болды.
Л.Хамиди атындағы халықаралық байқау жүлдегерлерінің орындауында күй «Халықтың ғажап қарттары» «Секіртпе», (жетекшісі Қ.Ах-метқалиева), Л.Хамиди атындағы халықаралық байқау жүлдегері Е.Қайырлы «Өрлеу» күйін (жетекшісі Б.Шекенова) асқан шеберлікпен орындап, қошеметке бөленді. Шығармашылық концерт соңында Көкпекті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев құттықтау сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді. Балалар өнер мектебінің директоры А.Сүлейменов облыстық, халықаралық байқауларға қатысқан оқушыларға мадақтамалар мен кубоктар табыстады.
Аудан өнері мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген ұжым қызметкерлері мен жас шәкірттерге өнер жолында келешекте биік табыстарға жетіп, мерейлеріңіз үстем болсын деген тілегіміз бар. Шығармашылықтың шыңына шыға беріңіздер!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз