Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 сәуірде Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектепте «Университет – мектеп ынтымақтастығы» аясында «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен Шәкәрім атындағы МУ ректоры кубогы үшін «Жас химик» II-ші облыстық олимпиада және «Химияны оқы-тудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді, оған Жарма, Көкпекті, Үржар, және т.б. аудандардан оқушылар мен мұғалімдер қатысты.
Ұйымдастыру алқасының төрағасы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ғ.Ескендіров, алқа мүшелері аталған білім ордасының химия және химиялық технологиялар кафедрасының доценті, п.ғ.к. Р.С.Абекова, кафедраның аға оқытушысы, химия магистрі Б.С.Гайсина және осы кафедраның PhD докторы А.Н.Кливенко

қатысқан танымдық шараның салтанатты бөлімі білім ошағының акт залында өтті. Қатысушыларға мектеп директоры Қ.Жүнісбеков, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Капчикова және оқу орнынан келген қонақтар құттықтау сөз арнап, олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетсек, өткен жылы осы ынтымақтастық аясында Тарбағатай ауданы орталығы Ақсуат ауылында өткен біріншіІ облыстық олимпиададан Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп командасы жоғары білім көрсетіп, кубокты жеңіп алған еді. Оқушылар олимпиадада бақ сынаса, ұстаздар ғылыми-әдістемелік конференцияда түр-лі тақырыптарда іс-тәжірибелерін ортаға салып, жаңа технологияларды химия сабақтарында қолдану тәсілдерімен бөлісті.
Бұл жерде Шәкәрім атындағы МУ химия және химиялық технологиялар кафедрасының PhD докторы А.Н.Кливенконың «Шәкәрім атындағы МУ химия және химиялық технологиялар кафедрасында оқушыларды ғылыми зерттеулерге тартудың тәжірибесі» атты жобасымен танысу ұстаздар үшін аса құнды болғаны рас. Кез-келген оқушы өз ғылыми жобасын жасап, оны облыс, республикаға шығара алатыны қуантарлық жайт. Сондай-ақ, мұндай ынтымақтастық орта білім орны мен университет арасын жақындатып, мектеп қабырғасында отырып-ақ оқушының жоғарғы білім орнымен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік туғызатыны қызықтырды. Баланы ғылымға бағыттау – конференцияның басты мақсаты. Шәкәрім атындағы МУ химия және химиялық технологиялар кафедрасының доценті, п.ғ.к. Р.С.Абекованың айтуынша, конференцияға қатысушы ұстаздар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, сертификат та алады. Сондай-ақ, кафедра атынан мектептерге химиялық таблицалар сыйға тартылыпты.
«Жас химик» олимпиадасының қорытынды-сында І-ші орынды Үржар ауданы, Мақаншы ауылының Найманбай атындағы орта мектеп командасы жеңіп алып, кубокты иеленді. II-ші орынды Жарма ауданынан Бақыршық ОМ және Көкпекті ауданынан Көкпекті ОМ иеленді. III-ші орынды Көкпекті ауданының №1 Самар ОМ, Жарма ауданының Н.Крупская атындағы ОМ және Көкпекті ауданының Көкжота ОМ алды.
Осындай ауқымды шараға, зейнеткер болса да демеушілік жасап, балалар болашағына жол ашып, қолдау көрсеткен алақаны ашық азамат Шәйкен Мырзабекұлы Құлжановқа кафедра педагогтары зор алғысын жеткізеді.
М.М.Адилбекова, Найманбай атындағы орта мектеп, Мақаншы ауылы, Үржар ауданы:
- Ауыл мектебі мен жоғары оқу орны ара-сындағы ынтымақтастықты бірінші болып қолға алып отырғаны үшін Шәкәрім атындағы МУ ректоры М.Ғ.Ескендіровке және кафедра педагогтарына алғысым шексіз. Бұл дегеніңіз екеуара байланысты нығайтып, заман легінен қалмай, жаңашыл бағытта жұмыс істеуге жол ашады. Бүгінде химияның қолданылмайтын саласы жоқ. Сондықтан, шәкірттерімізді ғылымға барынша бағыттауымыз қажет деп санаймын.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз