Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жеткізгелі отырған сүйінші хабар әр көкпектіліктің кеудесіне қуаныш ұялататыны сөзсіз. Өйткені, республика көлемінде маусым айының соңғы онкүндігінде өткен жаңа форматтағы ҰБТ сынағы біздің ауданның білім беру саласы қызметкерлері мен мектеп түлектері және көпшілік қауым үшін табысты аяқталды деуге болады. Айта кетсек, биылғы түлектердің мектеп қабырғасында алған білімдерін сарапқа салған Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысында аудандағы орташа көрсеткіш 94 баллды құраған еді.
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гаухар Жұматайқызының айтуынша, жоғары нәтиженің арқасында Көкпекті ауданы облыс аудандарының арасынан І орынға ие болды. Облыс аудандарының ішінен 94 баллмен бірінші орынға көтерілу аудан ұстаздарының мәртебесі, олардың тындырымды еңбегінің арқасы десек те, бұған шәкірттер мен ата-аналардың қосқан үлесі де зор.


Ортақ есепте 90 баллды көрсеткен Аягөз ауданы екінші, 87,1 баллмен Өскемен қаласы үшінші, Зайсан ауданы 87 баллмен төртінші орынға табан тіреді. Өткен жылы да орташа балл 86,5-ті көрсетіп, алдыңғылардың қатарынан көрінген көкпектіліктер биыл топ жарып шықты. Сондықтан, бүкіл аудан жұртшылығына білім дәрежесі сынағындағы жоғары көрсеткіштеріңіз баянды болсын, ұядан ұшқан ұрпақтарыңыз биіктерге қанат қаға берсін дегіміз келеді.


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз