Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 31 тамызы күні Самар ауылының мәдениет үйінде педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Аталмыш конференцияда 2016-2017 оқу жылының қорытындысы, жаңа оқу жылына бағдарламасы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту мен басым міндеттері айтылды.
Форумға аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, мектеп директорлары және ұстаздар қатысты. Салтанатты іс-шараның шымылдығы мектеп оқушыларының ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған әдеби-көркем қойылымымен ашылды. Кеңесте аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова өз баяндамасында аудан педагогтарының білім беру ісінде және өскелең ұрпақты тәрбиелеу үрдісіне қосқан үлестерін атап айтты.


2017-2018 оқу жылы бойынша ауданда 37 мектеп бар, оның 21 орта, 11 негізгі, 5 – бастауыш, 6 мектепке дейінгі ұйымдар, 3 мемлекеттік, 3 – жеке меншік. Бір қосымша білім беру ұйымы - балалар өнер мектебі. Биылғы жылы мектепке 4000-ға жуық оқушы барса, ал бірінші сыныпта 450 бала оқитын болады Білім беру саласында өткізілген іс-шаралар оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыруға мүмкіндік береді. Мәселен, 2017 жылы білім сапасы аудан бойынша жалпы саны 58,6%, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,5% өсті. 2017 жылы аудан бойынша ҰБТ-ның орташа балы 94 болды ( 2016 ж – 86.5 балл).
Аудан оқушыларының 971-ден астамы түрлі зияткерлік олимпиадалар, конкурстар мен ғылыми жобалардың қатысушылары болды. Білім беру бөлімінің басқаруымен нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы аталмыш жұмыстармен 9 мектеп ғимараты, БЖСМ, балалар бақшасы қамтылды. Бәсекеге қабілетті мұғалімдерді да-йындау еліміздегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басты мақсаттарының бірі. 2017 жылы 30 жас мұғалім келген (оның 19 - жоғары білімді, 11 – орта арнайы, олардың – 50% «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша). Жыл сайын аудан педагогтары деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі таңда, 158 педагог сертификат сапасын алса, жыл соңына дейін тағы 6 педагог оқытылады. Сонымен қатар, білім беру бөлімімен аумақтық семинар-кеңестер өткізіліп, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсетіледі.
Облыс прокуратурасымен бірлесе отырып, «Балалық шақты қорғаймыз», «Берекелі отбасы – бақытты балалық шақ» жобалары іске асырылуда. Оқушыларды кәсіптік бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Деректерге сәйкес, 2016-2017 оқу жылы бойынша мектеп бітірген 203 түлектің 108-і еліміздің жоғары оқу орындарына, колледждерге - 90 оқушы түскен. 75 түлек білім беру грантының иегері болды. Бұл жетістікке аудан мектептері ішінен Ж.Болғанбаев мектеп-лицейі, Ж.Шайжүнісов, Көкпекті орта мектебі және Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені, Самар орта мектебінің түлектерінің ең көп үлесі тиеді. Мариногорка және Қ.Аухадиев мектептерінде бірде-бір грант иегері жоқ.
Бөлім басшысы өз баяндамасында мектепішілік, аудандық, облыстық және республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, әртүрлі спорт түрлерінен аудан намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген мектеп спортшыларын да атап өтті. Спортты дамытуда талантты спортшыларды анықтау бойынша салауатты өмір салтын жүргізудегі жаттықтырушылар құрамының оң жұмысы атап айтылды. Сонымен қатар, балалардың жаз мезгіліндегі демалысы мектеп жанындағы және қала сыртындағы балажайларда жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне ауданда 750-ден астам оқушы барды. Бұған облыстық бюджеттен 11 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 млн. теңге бөлінді.
Баяндама бойынша жарыссөзге Ж.Бол-ғанбаев атындағы мектеп-лицей директоры Б.Бағысова, Көкжота ОМ мектеп директоры Қ.Қайырғазинов, Үлкенбөкен орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Н.Оразғалиева және «Балерке» балабақшасының меңгерушісі А.Назарханова шықты. Сөз сөйлеушілер мекеме ұжымдарының жетістіктерімен бөлісіп, алға қойған белгілі бір міндеттерін атап өтті. Уақыт талабына сай білім беру жүйесін жаңа сапалы деңгейге көтеру бүгінгі педагогтардың негізгі басымдығы. Салтанатты бөлімнен кейін марапаттау рәсімі басталды.
Алғыс хат және аудан әкімінің грамотасымен бірқатар жылдар бойы өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне адал еңбегімен елеулі үлес қосқан педагогтар марапатталды. Олардың ішінде педагогика саласының еңбек ардагерлері, К.Қожаева, Қ.Увальжанова, Б.Жексенбинова, С.Қырықпаев, А.Егеубаев, Б.Смағұлова, М.Марденов және басқалар. Білім беру ісіндегі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин төсбелгісі» және білім министрі Е.Сағадиевтің қолы қойылған куәлікпен Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі А.Сенгербаева және Көкпекті ОМ мұғалімі Т.Жұмажанова марапатталды. ШҚО білім басқармасы басшысының мақтау қағаздарымен, еңбегі еленген мұғалімдер Г.Галиева, М.Бекимова, Г.Әбілмажінова, Ж.Нұрпейісова, Б.Растрига және «Дәншік» ба-лабақшасының тәрбиешісі А.Подсребко болды. Бұдан әрі іс-шарада «Үздік білім беру мекемесі» аталымы бойынша Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені, Көкжота, Амангелді, Новотимофеевка орта мектебі, Абай атындағы мектеп-балбақша кешені және бастауыш мектептер арасында Пушкин, Подгорное, Самар мектептері ие болды. Білім беру ісінде жаңа технологияларды енгізуге қосқан үлестері үшін Казнаковка орта мектебінің директоры А.Құрманғалиева және Ж.Болғанбаев атындағы мектеп лицейдің мұғалімі Р.Апсадықова марапатталды
«Ең үздік балалар бақшасы» аталымы «Балерке» балабақша ұжымына бұйырды. Оқушыларды спортқа дағдыландыруда сіңірген еңбектері үшін ең үздік мектеп директорлары аталды. Олар – Көкпекті ОМ А.Танысбаев, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені А.Егеубаева, Амангелді ОМ Г.Бибосынова. Кездесу барысында басқа да жеңімпаздарға түрлі аталымдар берілді.
Сондай ақ, Көкпекті орта мектебі базасында мұғалімдердің тамыз конференциясының секция бойынша жұмыстары өтті. Конференция жұмысына 600-ден астам мұғалім қатысып, бір мезгілде 25 секция (мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, психологтар мен әлеуметтік педагогтар) жұмыс істеді. Секция жұмыстарының негізгі басымдығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2017-2018 оқу жылы бойынша жіберген нұсқаулық-әдістемелік хатын талқылау және жалпы білім беретін мектептерде білім беру үрдісін ұйымдастыру жұмыстары жайлы айтылды. Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту бо-йынша баяндамалар оқылып, шеберлік-сыныптар көрсетілді.


Қанат АПСАДЫҚОВА
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз