Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – Көкпекті ауданының тұрғыны, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Күміс алқа иегері, ардагер ұстаз Майсара Назарбайқызы Бөлеуова.


Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Майсара Назарбайқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнады. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Майсара ұстаздың өмірі –болашақ үшінүлкен өнеге.
Ардагер ұстазбен әңгімеміз сонау балалық шақтан басталды.Майсара Назарбайқызы 1940 жылы ел басына күн туған, толарсақтан саз кешіп, атқамінер ер-азаматтарды соғыстың сойқанына алып кеткен шақта қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келіпті. Небәрі 5-6 жасында анасының жанында еңбек етіп, ат үстінде тақым қысқан еңбекқор болды.
-Таңның атысы, күннің батысы анамның жанында өткен өміріміз қандай десеңші. Ол уақытта үлкен демей, бала демей колхоздың қара жұмысына белсене атсалысып, ыстығы мен суығына бірдей көніп, берген тапсырманы уақытында орындауға тырысатын.
Жалпы өзімді еңбекпен есейіп, еңбекпен қартайдым десем де болады. Әкеміз соғысқа кеткен соң, анамыздың жанында бір жасар інім екеуміз қалдық. Ол кезде шешем колхозда жұмыс істеді. Мені жанынан бір елі тастамайтын. Анаммен бірге күндіз мал бақсақ, кешке қой күзетіп тыным көрмейтінбіз,-дейді қария өткен өміріне ой жүгіртіп.
Майсара Назарбайқызы 1948 жылы Аксуат орта мектебін аяқтаған соң, Семей қаласындағы техникумға түсіп, кітапханашы мамандығын меңгеріп шығады. Сол кездердегі үрдіс бойынша оқу бітірген жас мамандарды облыстың кадрлар жетіспейтін шалғай аудандарына жіберетін. Жолдамамен алғашқы еңбек жолын Целиноградтағы Қорғалжын ауданынан бастайды. «Жас келсе – іске» дегендей, аз ғана уақытта жас маман жұмысының қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, оған өз талпынысын қосып, ұжым ортасында беделге ие болды.
Ал, 1962 жылы Семейдегі пединститутқа қазақ тіл әдетиеті факультетіне сырттай оқуға түсіп, сол жылы қазіргі Ақсуат ауданының Үштөбе деген жерінде алғашқы ұстаздық жолын бастайды.
1963 жылы Ратбек ағамен танысып, көңілі жарасқан екі жас отбасын құрады. 1969 жылы Ратбек ағаның жұмысы бойынша олар Көкпекті ауылына қоныс тепті. Майсара Назарбайқызы еңбек еткен жылдар ішінде бірнеше рет орден-медальдармен марапатталған. Бала тәрбиесіне өзіндік орнын қалдыра білген ұстазбілім саласында мінсіз еңбек етті.Ұзақ жылдар Көкпекті ауылындағы М.Горький атындағы қазақ орта мектебінде бірнеше жүздеп саналатын шәкіртті алдынан ұшырған Майсара мұғалім құрметті еңбек демалысына 1991 жылы шықты. Солардың арасында еліміздің әр түкпірінде сан салада еңбек етіп атақ пен даңққа бөленгендері қаншама. Бұл ұстаз еңбегінің ақталғаны. Мәселен, өнер саласында тер төгіп, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері атанып жүрген Майра Ілиясова мен Бисара Мәкенованы ұстаз аса мақтан тұтады.
Бүгінде Майсара апай мен Ратбек аға өткен өмірлеріне шүкіршілік етіп, құдай берген 6 баланы тәрбиелеп, өсірді. Ұрпақтарынан өрбіген немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ардагер ұстазды алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз! Ұзақ жылдар атқарған педагогтық еңбегіңіздің зейнетін көріп, бала-шаға ортасында бақыт пен шаттыққа толы ғұмыр кеше беріңіз демекпіз!


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз