Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...
Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының...
23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер...
20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ...
17 маусым күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрайымы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Талғат Манапұлы Сарманов жүргізді. Сессия барысында ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Көкпекті аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы болды. Бұл мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Ермекұлы Оразханов баяндама жасап, тиісті ақпарат ұсынды. Қарымсақ Санат Батанұлы мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты мәслихат қатарынан және соған қатысты түрлі комиссия қатарынан шығарылды.
Сондай-ақ сессияда Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №38-11/2 «2026–2030 жылдарға арналған Көкпекті ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл туралы Экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Айнұр Сагимбаева мәлімет берді.
Бұдан бөлек, Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Бұл жөнінде аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрбек Сыдықұлы сөз сөйледі. Бұл бағыттағы шешімдер тұрғындардың баспана мәселесін шешуге қолдау көрсетудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Мекенжайы: Көкпекті ауданы,Көкпекті ауылы, Ш.Уалиханов 65А
Бекітемін КМҚК «Оқушылар шығармашылық сарайы» директоры __________ А.Сулейменов
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Тақырыбы:
«Қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту
процесінің негізгі аспектілері мен шарттары»
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған
Әлеуметтік-педагогикалық бағыты
Автор:Сулейменов Асқар Дюсенбекович
Екінші санатты басшы
Көкпекті ауданы 2025 жыл
МАЗМҰНЫ
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
КІРІСПЕ
НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
ГЛОССАРИЙ
НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
РЕФЛЕКСИЯ ЕСЕПТЕРІ
БӨЛІМ 1 «Қосымша білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік процессіне инклюзивті оқыту тәжірибесін енгізудің озық шетелдік және қазақстандық тәжірибесі, теориясы және әдіснамасы»
БӨЛІМ 2 «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қосымша білім беру ұйымдарының санитарлық-тұрмыстық жағдайлары мен материалдық-техникалық жабдықталуы»
БӨЛІМ 3 «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың негізгі психологиялық, медициналық-педагогикалық ерекшеліктері және категориялары»
БӨЛІМ 4 «Қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру»
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту қазіргі білім беру жүйесінің өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Инклюзивті білім беру әрбір оқушының мүмкіндіктерін ескеріп, сапалы білім беру процесін ұйымдастыруға бағытталған. Бұл тәсіл ұйымның педагогикалық қызметін жетілдіруде, әлеуметтік интеграция мен әртүрлі дағдыларды дамытуда маңызды рөл атқарады.
Жаңашылдығы мен өзектілігі:
Қазіргі уақытта қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуды жүйелі түрде енгізу әлі де толық дамымаған. Инклюзивті әдістерді педагогикалық практикаға енгізу ұйымның білім беру сапасын арттыруға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге ықпал етеді.
Педагогикалық мақсаттары:
Ұйымдағы білім беру процесін барлығына қолжетімді ету.
Оқытудың жеке тәсілдерін қолданып, әртүрлі мүмкіндіктері бар қатысушыларға сапалы білім беру жолын қамтамасыз ету.
Педагогтардың инклюзивті оқыту әдістерін тиімді қолдану дағдыларын дамыту.
Нұсқаулықтың мақсаты, міндеттері
Толығырақ...
Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Негізгі міндеттердің бірі өткен жылы басталған инвестициялық жобаларды толық аяқтап, олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев мәлімдеді.
Ауданның туристік және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында 3 кемпинг кешенін салу көзделген. Бұл кешендердің құрамында жаңар-жағармай станциялары мен қонақ үйлер болады. Аталған жоба жол бойындағы сервисті дамытуға және туристер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.