Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...
Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының...
23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер...
20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ...
Көкпекті ауданындағы Оқушылар шығармашылық сарайында балалардың қиялын ұштап, талантын ашуға бар жанын салып жүрген ұстаздардың бірі – «Сурет және дизайн» және «Құм терапиясы» үйірмесінің жетекшісі Хайса Ахнур. Ол 2022 жылдан бері жас ұрпақтың бойындағы шығармашылық қабілетті оятуды мақсат тұтып келеді. Жетекшінің шәкірттері бүгінде республикалық, тіпті халықаралық байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп, ауданымыздың атын асқақтатуда. Бұл – Ахнурдың әдістемелік шеберлігінің, балаларға деген сенімі мен жанқияр еңбегінің айқын жемісі.
Үйірмеге тұрақты түрде 44 оқушы қатысады. Мұнда балалар сурет салудың әртүрлі техникасын меңгеріп қана қоймай, сәндік-қолданбалы өнер, композиция, графика, макет жасау сияқты бағыттарды игереді. Олар түстер үйлесімін сезінуді, кеңістіктік ойлауды, пропорция мен симметрияны түсінуді үйреніп, өз жобаларын жасап шығады. Әр бала салған суреті арқылы ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін, айналаға көзқарасын еркін жеткізе алады. Бұл олардың өз-өзіне сенімді болуына жол ашады.
Толығырақ...
Көкпекті ауданында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының бас-тамасымен өткен жиын «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» және «Тіл – рухани қазына» тақырыбында өтті.
Толығырақ...
Өткен аптада аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған кеңес өтті.
Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, жастар және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Негізгі бағыттар
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.