Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал...
В районном центре устанавливаются современные автобусные остановки.
Көкпекті ауылындағы тұрғындар көптен күткен жол жөндеу жұмыстары бас-талды. Бұл - өңірдің...
В Кокпектинской районной больнице продолжается ремонт фасада и реконструкция входной группы...
Көкпекті ауданында дәстүрлі садақ ату спорты жаңа белеске шықты. Ауданда екінші рет облыстық...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді. Ұлттық қолөнершілер қазақ атын әлемге танытты. Астана төрінде 450 құрақшы бір мезетте 450 құрақ көрпе тігіп, КИНЭС рекордын жаңартты. Жаңа рекорд орнатқан қолөнершілер қатарында жерлесіміз Жунусбаева Бахытжан Задақызы мен немересі Сарманова Балнұр Біржанқызы бар.
Толығырақ...15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға арнайы ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келіп, барша Абай жұртын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Сондай-ақ семейлік игі-жақсы зиялы қауым мен тарихшы ғалымдар қатысты.
Айта кетейік Тана мырза мешіті Семей қаласындағы 17-мешіт боп тіркелді. Құлшылық үйі кәсіпкерлер мен жергілікті халықтың қолдауымен салынды. 2 қабаттан тұратын Алла үйінің жоғарғы қабатында ерлерге арналған негізгі намаз оқу залы, әйелдерге арналған намаз оқу бөлмесі және имам бөлмесі орналасқан. Ал, астыңғы қабатында қосымша намаз оқу бөлмесі және дәретхана бар. Мешіт 400 адамға арналған.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.