Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар Бауыржанұлы волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатында Абай облысының жасөспірімдер құрамасы сапында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
2009 жылғы 8 маусымда Көкпекті ауылында дүниеге келген Санжар волейболмен 2022 жылдың қаңтар айынан бастап айналысады. 2023 жылдан бері Абай облысының құрамында ойнап келеді. Осы уақыт ішінде аудандық және облыстық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз әрі жүлдегер атанып, «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларын иеленген.
Қазақстан чемпионатында Абай облысының құрамасы топтық кезеңде Тараз, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының командаларын 3:0 есебімен жеңді. Атырау облысымен өткен тартысты кездесуде 3:2 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда бес дүркін Қазақстан чемпионы Павлодар қаласының командасын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ақтық сында Жетісу облысының құрамасымен кездесіп, нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.
Жас волейболшының пікірінше, команданың жүлдеге жетуіне жүйелі дайындықтың да әсері мол. «Жарысқа бір ай бұрын дайындала бастадық. Орманда кросс жүгірдік, техникалық жаттығулар мен дене дайындығына көп көңіл бөлдік. Менің ойымша, бізге ең көп көмектескені – дайындықты ерте бастағанымыз», – дейді Санжар.
Санжар спортпен қатар білімді алып жүрген талантты оқушы. Математика мен география пәндеріне қызығушылығы жоғары. «Малахит» интеллектуалды байқауында ІІ орын алып, ISMA халықаралық мектебінің ментальды арифметика курсын аяқтаған. Болашақта Санжар Ішкі істер академиясына түсіп, құқық қорғау саласында қызмет етуді армандайды.
Жас спортшының бүгінгі күмісі – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы. Санжарға биік белестер мен толайым табыстар тілейміз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.